Солтүстік Қазақстанда бір әйелді найзағай соғып өлтірді

Фотография - Солтүстік Қазақстанда бір әйелді найзағай соғып өлтірді

Қайғылы оқиға ауданның Қиялы ауылында орын алған

414 0

Солтүстік Қазақстан облысындағы Аққайың ауданында бір әйел найзағай түсіп, қаза тапқан. Бұл туралы облыс төтенше жағдайлар департаментінің дерегіне сүйенген egemen.kz  хабарлады.

Қайғылы оқиға ауданның Қиялы ауылында орын алған. Қара аспанды қақ жарып келіп түскен жай 54 жастағы әйелдің өмірін сол мезетінде жұлып кеткен.

"Аққайың ауданындағы Қиялы ауылының Калинин көшесінде 1962 жылы туған әйел велосипед теуіп келе жатып, найзағайдың соққысына тап болған. Сонда алған жарақаты салдарынан ол оқиға орнында қаза тапқан. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамасына жіберілді. Оқиға орнында облыстық және аудандық ішкі істер органдарының жедел топтары жұмыс жасады" — делінген хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!