ОҚО-да полицейлер Өзбекстан азаматын тонаған 3 күдіктіні құрықтады

Фотография - ОҚО-да полицейлер Өзбекстан азаматын тонаған 3 күдіктіні құрықтады

Сарыағаш АІІБ полицейлері жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында үш күдіктіні құрықтады

171 0

2016 жылдың наурыз айында Сарыағаш АІІБ-на 1982 және 1987 ж.т. Өзбекстанның екі азаматы өздерін тонап кеткені туралы арызданып келген.

Жәбірленушілердің айтуынша, түнгі уақытта Сарыағаш қаласы Жетісай-Жібек жолы тас жолында белгісіз тұлғалар шабуыл жасап, физикалық зорлық көрсетіп, ақшалары мен ұялы телефондарын тартып алған, келген жалпы шығын мөлшері 100 мың теңгені құрайды.

Сарыағаш АІІБ полицейлері жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында үш күдіктіні құрықтады. Олар 1985, 1988 ж.т.Сарыағаш ауданының тұрғындары, кінәларын толық мойындаған.

Аталған жайт Сарыағаш АІІБ СДТТБТ-не тіркеліп, ҚР ҚК 191-бабымен "Тонау" қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!