Өткен демалыс күндері еліміз бойынша 11 бала көз жұмған

Фотография - Өткен демалыс күндері еліміз бойынша 11 бала көз жұмған

Көп жағдайда өліммен аяқталып жатқан қайғылы жағдайлардың негізгі себебі – балалардың қараусыз қалуы

412 0

Соңғы уақытта балалар жапа шеккен оқиғалар жиілеп кетті. Көп жағдайда өліммен аяқталып жатқан қайғылы жағдайлардың негізгі себебі – балалардың қараусыз қалуы, деп жазды 24.kz.

Өткен демалыс күндері елімізде 11 баланың өлімі тіркеліп, тағы 2 бала ауруханаға жатқызылған. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК дабыл қағуда. 29 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы ауылда үй маңында ойнап жүрген 2014 жылы туылған қыз бала ата-ана қарауынсыз қалып, абайсызда әжетханаға түсіп, көз жұмған. Дәл осы күні Бәйдібек ауданына қарасты Теректі ауылындағы "Мұрынтас" демалыс аймағында Боралдай өзеніне ата-ананың қарауынсыз қалған 2013 жылы туылған қыз батып кетті. Жамбыл облысы Талас ауылында ата-ана қарауынсыз қалған 4 жасар бала суға кетіп, қаза болды. Тараз қаласында ата-ана қарауынсыз қалып, үй ауласында ойнап жүрген 2014 жылы туылған қыз бала арыққа құлап, көз жұмды. 28 мамыр күні ОҚО-ның Ордабасы ауданына қарасты Жусанбай ауылында 2 жасар бүлдіршін арыққа құлап, жан тапсырған. Осы күні Алматы облысында тағы 2 қайғылы оқиға тіркелді. Қарасай ауданындағы Шамалған стансасы мен Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында үй ауласында су толтырылған ыдысқа 2014 және 2016 жылдары туылған екі бала тұншығып, қаза болған. 28 мамыр Павлодар облысы Ақсарай ауылында 2010 жылы туылған бала жасанды су қоймасында шомылып жүріп, суға батып кеткен. 27 мамырда Қызылорда облысы Жаңақорған кентінде 6 жасар бала суға түсіп жүріп, батып кеткен. Атырау облысы Қызылқуғын ауданы Миялы ауылының Ойыл өзенінде 2000 жылы туылған жеткіншек суға кеткен. Қарағанды облысында 28 мамырда балалардың қатысуымен екі қайғылы оқиға тіркелді. Теміртау қаласында тұрғын үйдің 1-қабатынан құлаған 2011 жылы туылған қыз бала ауруханаға жеткізілді. Сатпаев қаласында трансформатор стансасының шатырында ойнап жүрген 10 жастағы мектеп оқушысы токқа түсіп, алған жарақаттарынан ауруханаға жатқызылды. 30 мамыр күні Ақмола облысы Целиноград ауданы Тайтөбе ауылында жасанды су қоймасына 2002, 2003 жылы туылған қыздар батып кеткен. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!