Оңтүстік Қазақстанда құтқарушы құздан құлап кетіп, мерт болды

Фотография - Оңтүстік Қазақстанда құтқарушы құздан құлап кетіп, мерт болды

Құтқару операциялары кезінде Жомарт Сәрсенбеков саяхатшы М.Травкиннің өмірін құтқару кезінде құздан құлап кетіп, мерт болды.

256 0

Биылғы жылдың  29 мамырында А.Тұрсымбетов деген азамат хабарласып, досы, Шымкент қаласының тұрғыны 1998 жылы туған М.Травкиннің тауға кеткенін хабарлаған. Тауға саяхатқа шыққан ол,  тау шатқалынан өз бетінше түсе алмаған. Сол күні техникамен жарақтанған құрамында 4 қызметкерден тұратын жедел-құтқару тобы Төле би ауданына қарасты Алатау селолық округінің Ақмешіт таулы аймағына аттанды. Іздеу тобының басшысы И.Мейірбековтың ұйғарымымен, сондай-ақ қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында түнгі уақытта іздеу жұмыстары жүргізілген жоқ, деп хабарлайды BNews.kz.

Топ келесі, 30 мамыр күні таңертең іздеу-құтқару жұмыстарына кіріседі. Іздеу жұмыстары барысында  құтқару құрылымының қызметкері Жомарт Сәрсенбеков азамат М.Травкинді тау шатқалынан тауып алды.  

Құтқару операциялары кезінде Жомарт Сәрсенбеков саяхатшы М.Травкиннің өмірін құтқару кезінде құздан құлап кетіп, мерт болды.

Жомарт Сәрсенбеков азаматтық қорғаныс органдарында  2003 жылдан бері еңбек етіп келеді.  Үйленген, артында төрт баласы қалды. Зайыбы бесінші балаға жүкті. ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару тобының басшылығы мен жеке құрамы қаза болған қызметкерінің қазасына қатты қайғыруда.

Көз жұмған қызметкердің отбасына Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес материалдық көмек көрсетілді.  ОҚО ТЖ жөніндегі департаменті басшылығы аға құтқарушы Жомарт Сәрсенбековті үкіметтік наградаға  ұсынбақшы.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!