ҚазҰМУ-дың бұрынғы ректоры Айқан Ақанов өмірден озды

Фотография - ҚазҰМУ-дың бұрынғы ректоры Айқан Ақанов өмірден озды

Ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда 1 маусымда таңғы сағат 10.00-де "Конкордия" театрында өтеді.

591 0

Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бұрынғы ректоры, Айқан Ақанов 66 жасқа қараған шағында өмірден озды, делінген университеттің сайтындағы хабарламада.

"Қазақстанның денсаулық сақтау саласы орны толмас қазаға ұшырады. 2016 жылы 30 мамырда ҚазҰМУ бұрынғы ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, отандық денсаулық сақтау саласының дамуына зор үлес қосқан көрнекті ұйымдастырушы, еліміздегі ең ірі медицина университетін 8 жыл басқарған ұстаз — Айқан Ақанұлы Ақанов кенеттен қайтыс болды. Айқан Ақановтың жарқын бейнесі Қазақстанның медицина қауымы өкілдері, әріптестері, туыстары мен достары, қолынан білім алған, бірге істес болған адамдардың жүрегінде мәңгі сақталады", — делінген университеттің хабарламасында.  

Ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда 1 маусымда таңғы сағат 10.00-де "Конкордия" театрында өтеді.

Айқан Ақанұлы Ақанов 1951 жылы 28 мамырда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Үлгілі Малшы ауылында туған. Медицина ғылымдарының докторы (1994ж), профессор (1994ж), ҚР Валеология академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!