Алматы облысында белгілі кәсіпкер ажал құшты

Фотография - Алматы облысында белгілі кәсіпкер ажал құшты

Мұрат Альпман Түркия азаматы болған, алайда соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұрып келген.

2788 0

Алматы облысында өз үйінде белгілі кәсіпкер Мұрат Альпман ажал құшты. Жеке кәсіпкердің жүргізушісі мәйітті 28 мамыр күні Абай ауылында тапқан, деп хабарлайды Today.kz тілшісі. Ақпаратты Алматы облыстық ІІД растап отыр.

50-жасар Мұрат Альпман Lotto фирмасы бас директорының орынбасары болған. Кәсіпкер Түркия азаматы болған, алайда соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұрып келген. Оның әйелі және екі баласы  оқиға болған кезде Дубайда болған. Болжаммен, Мұрат Альпман асфиксиядан қайтыс болған.

Полицияның ақпараты бойынша, марқұмның денесіне күш қолдану белгілері байқалған.

"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп,  ҚР ҚК 99 бабы "Кісі өлтіру"  бойынша іс қозғалған. Осы істі анықтау үшін іс-шараны жалғастыруға жылдам-тергеу тобы құрылған", - Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!