Петропавлда автобус жүргізушісі героин сатып ұсталды

Фотография - Петропавлда автобус жүргізушісі героин сатып ұсталды

Бүгінгі таңда күдікті жұмыс істеген кәсіпорында да куәлар сұрастырылуда

88 0

Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының полицейлері есірткі сатқан 39 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісін ұстады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz  хабарлады.

"ДСР – Жұмысшы кенті" бағытына қатынайтын автобус жүргізушісі бір жарым грамнан астам героин сатқан. Оны қолға түсірген кезде есірткі сатудан тапқан ақша да табылды", – дейді полицейлер.

Аталған факт негізінде Қылмыстық кодекстің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлердің айтуынша, күдікті осы бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бүгінгі таңда күдікті жұмыс істеген кәсіпорында да куәлар сұрастырылуда.

"Полицейлер жыл басынан бері 100 килодай есірткі тәркіледі. Оның 104 грамы – героин. 64 есірткіге оқиғасына қатысты қылмыс анықталды", – дейді қалалық ішкі істер басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі басшысы Данияр Найкин.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!