Әкімнің тапсырмасынан кейін Алматыда заңсыз салынған дөнер кафесі сүрілді

Фотография - Әкімнің тапсырмасынан кейін Алматыда заңсыз салынған дөнер кафесі сүрілді

Фаст фудтың қожайыны бір жыл бойы соттың тыйым салу ұйғарымын орындамаған.

2382 0

Алматыдағы атақты дөнер кафесі жермен  жексен етілді. МСҚБ айтуынша, аталған 83 шаршы метр аумағында орналасқан сату нүктесінің қожайындары бір жыл бойы соттың соғылған ғимараттың сүрілуі туралы бұйрығын орындамаған. Олардың сол жерде ғимарат салуға құқығы болмаған, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

МСҚБ журналисттерге айтуынша, ЖК "Виталий Ким" дөнер кафесінің қожайыны ерікті түрде өзі бұзуы қажет болған.

"2015 жылы МСҚБ  басқармасы ҚРӘК 319 бабы "Заңсыз құрылыс" бойынша хаттама толтырылып, Алматы ауданаралық әкімшілік сотына жіберілген. 

2015 жылдың 27 қыркүйегінде құрылыстың заңсыз салынғандығы дәлелденіп, сүруге сот шешімі шыққан. Қожайынына өз еркімен бұзуға уақыт берілген, алайда осы күнге дейін сот үкімі орындалмаған. Сондықтан да бүгін, еріксіз бұзу шешімі шығарылды", - Алматы қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды абаттандыруға және қайта жаңарту бөлімінің басқарушысы Олжас Төлебаев.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -



Естеріңізге сала кетейік, "Юбилейный" супермаркетінде болған өрттен кейін Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаладағы заңсыз салынған барлық ғимараттарды сүру мәселесін шешуді тапсырған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!