Алматыда жантайған көпқабатты үйден адамдарды қауіпсіз жерге көшірді

Фотография - Алматыда жантайған көпқабатты үйден адамдарды қауіпсіз жерге көшірді

Фото: today.kz

Оқиға орнында төтенше қызметтер жұмыс жасап жатыр.

5230 0


Алматының Алатау ауданында көпқабатты үй қисайып тұр. Тұрғындарды үйден эвакуациялауда, деп хабарлайды оқиға орнынан Today.kz тілшісі.

ТЖ "Алгабас-6" ықшамауданынынң №1 үйінде орын алған. Үйдің екі кіреберісі бар, әрқайсысында 36 пәтерден бар. ҚР ІІМ ТЖК ақпараты бойынша шамамен 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген. 

"Топырақтың отырғандығы және үйдің кішкене қисайып тұрғаны байқалады. Эвакуациаланған адамдарды жергілікті атқарушы органдар қонақ үйлерге жайғастыруда. Үйде газ өшірілді, бір қауырт жағдай бола қалса. Ертең құрылысқа байланысты сарапшы мамандар комиссиясы құрылып, осы мәселені шешуге, ары қарай не істеу керектігін айтатын болады. Төтенше жағдай қызметкерлері кезекшілікте тұр және де түнімен күзетеді", - дейді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

Тұрғындардың айтуынша, тоқтаусыз жауған жаңбырдың салдарынан үйдің жертөлесін су басқан. Олардың ойынша сол себеп болуы мүмкін. Белгілі болғандай, үй 2013 жылы салынған, ал 2015 жылы тұрғындар кіре бастаған. 

Айта кетейік, 2015 жылдың қыркүйегінде кезекте тұрған 180 отбасыға "Алғабас" ықшамауданынан үй берілген. 

Фото - Фото - Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!