Алматыда қисайып қалған үйді құрылыс жөніндегі комиссия тексеріп жатыр

Фотография - Алматыда қисайып қалған үйді құрылыс жөніндегі комиссия тексеріп жатыр

Топырақтың отырып, үйдің аздап қисайғаны расталды.

395 0

Кеше кешке Алматы қаласы Алатау ауданының Алғабас-6 шағын ауданында үй қисайып қалды. Бұл куәгерлерді әбігерге салды. Қисайған үйден 200 астам адам эвакуацияланған. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.

"Кеше үй астындағы топырақтың отырғаны және үйдің аздап қисайғаны туралы ақпарат келіп түсті. Барлық қызмет жедел оқиға орнына аттанды. Топырақтың отырып, үйдің аздап қисайғаны расталды. Барлық қызмет бірігіп, қызмет атқаруда. Жедел қызметтер оқиға орнына кешегі түннен бастап кезекшілікке шыққан, тапсырма берілгенше олар сол жерде болады. Бүгін құрылыс мәселелері жөніндегі мамандардан тұратын комиссия жұмысына кірісті. Бұл комиссия мәселелерді әрі қарай шешу жолдарын қарастырады. Дегенмен, жергілікті атқарушы орган жағдайды бағалап, әрі қарай шешім қабылдайды", - деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Комитеттің мәліметінше, үй 2014 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген, 2015 жылдың қыркүйегінде тұрғындар көшіп келді. Монолитті, тоғыз қабатты әрі екі кіреберісті үйде барлығы 72 пәтер орналасқан.

"Тұрғын үйге беріліп тұрған газ тоқтатылды. 200 астам адам эвакуацияланды, олардың бір бөлігі қазір туыстарында, қалғаны қонақ үйлерге орналастырылды", - деп толықтырды Р.Иманқұлов.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!