Астанада Open Air кезінде кептелістен зардап шеккендер бар

Фотография - Астанада Open Air кезінде кептелістен зардап шеккендер бар

Фото: ©Арман Мухатов

ТЖ салдарынан 20-ға жуық адам зардап шекті.

3479 0

Астанада ашық аспан астында қазақстандық және ресей жұлдыздарының қатысуымен өтіп жатқан фестиваль кезінде адам кептелісі орын алды. ТЖ салдарынан 20-ға жуық адам зардап шеккен, деп хабарлайды Today.kz.

Open Air  "Астана Арена" алдындағы алаңда сағат 20:00-де басталған, алайда көрермендер одан ерте келіп алған. Орын алған адам кептелісі көтеріңкі көңілді су сепкендей басты.

Фото - Фото -

Кейбір зардап шеккен адамдарды жедел жәрдем қызметі ессіз күйінде алып кетіп жатты. Алаңда шашылып жатқан аяқ киімдер көзге шалында, құқық қорғау органдарының сабырлыққа шақырған өтінішін елемегендер де болды. Today.kz тілшісі зардап шеккен бір қызбен сұхбаттасқан.

"Басында барлығы тыныш болатын. Біз таршылықты сескене бастадық , алайда мынадай болады деп ойламадық. Адамдар бірін бірі итере бастады, айқайлап, бірін-бірі таптай бастады. Басымнан ауыр жарақат алдым, аяғымды да зақымдап алдым. Халім нашар болып тұр",- дейді бойжеткен.

Фото - Фото -

Мед. қызметкерлердің айтуынша болған оқиғаға көрермендердің өзі кінәлі.

"Мынадай жағдайлардан абай болу үшін, қауіпсіздік шараларын толығымен орындаған дұрыс. Бізде бәрі керісінше. Адамдар соңы не болады деп ойламайды, барлығы жұлдыздарға жақын болу үшін сахнаға жақындай бастады. Міне қорытындысы!" - дейді дәрігерлердің бірі.

Соғана қарамастан кезекші бөлімнің хабарлауынша, қоғамдық тәртіпті бұзғандар болған жоқ.

Фото - Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!