Алматыда қисайған үй шөккен жердің үстінде салынған болуы мүмкін

Фотография - Алматыда қисайған үй шөккен жердің үстінде салынған болуы мүмкін

Фото: ©Алмаз Толеке

Апатты үйден 208 адам қауіпсіз жерге көшірілген, олардың арасында Ұлы Отан соғысы ардагерлері де бар.

5654 1


"Астана құрылыс" компасниясының бас директоры Бекболат Амантөрин Алатау ауданында қисайған үй барлық талаптарға сай салынған деді. Салушы үйдің сапасыз салынды дегенге келіспейді, деп хабарлайды Today.kz.

Жоқ, мойындамаймын, комиссия шешетін болады, жауабы бүгін-ақ шығуы мүмкін. Жорамал жасамай-ақ қояйық, комиссияның шешімі болады, соның қортытындысынан шешім шығарамыз. Бүгінгі күнде динамикасы тұрақты, қозғалыстар жоқ, ҚазҚСҒЗИ өкілдері шақыртылды, солардың қортындысынан шешім шығады. Сол шешімге байланысты шара қолданылады. Біздің тараптан, яғни біздің компанияға қатысты, біз барлық нұсқауларды ретке келтіретін боламыз", - дейді Бекболат Амантөрин.

Фото -

Фото -

Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ғабит Садырбаев Today.kz-ке берген сұхбатында, оңтүстік астанада мұндай жағдайдың бірінші рет болғанын айтты. Оның есінде мұндай төтенше жағдайлар басқа қалаларда болған.

"Кез-келген жоба мемсараптамадан өтеді, сосын барып құрылысты салуға МСҚБ рұқсат алады. Комиссия құрылатын болады, комиссия құрамына МСҚБ, ТЖ, әкімдік өкілдері және керек болып жатса бізде кіруіміз мүмкін. Төтенше жағдай кезінде ережелер осындай. Қарағандыда мұндай болған. Бізде Алматыда мұндай бірінші рет. Көптеген жағдайлар: Ташкентте, Шымкентте болған. Онда топырақ шөккен. Ол былай болуы мүмкін - жер астында жерасты сулары болады, олар арнасын ауыстырады.  Құрылыс кезінде барлығы дұрыс болады, ол жерде жер асты өзені жоқ, бес-алты жылда бір өтеді, әрқалай болады, кейде 20 жылда өтуі мүмкін, және жер асты сулары "ойнақтайды". Бос кеңістік пайда болады. Негізінен осындай. Шымкентте мұндай болған. Ол жақтарды топырақ шөккен. Құмдардың шөгуін анықтау мүлдем мүмкін емес",-деді Ғабит Садырбаев.

Фото - Фото -

Today.kz-ке белгілі болғандай, қисайған үйден 208 адам қауіпсіз жерге көшірілген, олардың арасында Ұлы Отан соғысы ардагерлері де бар. Шамамен 90 адам қонақүйге жатқызылды. Қонақүйдің жағдайына тұрғындар разы болмаған.

"Біз ол жақта қала алмадық. "Шаған" қонақүйі өте лас, темекі иісі сіңіп қалған, ол жақ бейберекет, ерлер мен әйелдер жыныстық қатынасқа түсуде,айғайлайды, бақырады. Ол жерде қалай қаласың? Менің кішкентай немерем бар. Бізге көлікте қонуға тура келді. Бізді кішкентай бөлмеге орналастырды. Мен, ұлым, келінім және кішкентай немерем бар, біз онда жата алмадық. Біздің пәтерімізде құжаттарымыз, азық-түлік, барлығы қалды, енді бізді онда жібермеуде. Енді не күтерімізді білмейміз, сірә жақсылықты күту бекер шығар", - дейді қисайған үйдің тұрғыны. 

Фото - Фото -

Кейбір тұрғындар бұл үйді алуға асыға күткендерін айтады. Алайда көшіп келген кезде бір жылға толмас уақытта мынадай жағдайға душар боламыз деп ойламаған.

"Кеше, көршілер барлығымыз сыртқа шығып үйдің отырып бара жатқанын және қисайғанын байқадық. Содан кейін ғана шара қолдана бастадық. Барлығымыз заттарымызды ала сала сыртқа шықтық. Эвакуацияны полиция ұйымдастырды. Біз жоғарғы қабатта тұрамыз. Қабырғалар жарылған. Көрші-апа барлығының үйіне кіріп үйді жөндеу қажет жеп айтып жүретін, алайда ешкім оған мән бермеген. Құжатқа қол қойдық. Жәй ғана кішігірім жөндеуден өту керек шығар деп ойладық. Сөйтсек, үй құлайын деп тұр екен. Бұл жаңбырдан емес. Сіз үйдің қалай салынғанын көрсеңіз ғой. Біз 2015 жылдың 18 қыркүйегінде үйді алдық. Менің енем сегіз жыл бойы кезекте тұрып осы пәтерді алған болатын. Алдық! Рахмет! Бір жылда өткен жоқ... Біздің жағдайымыз қандай болуы мүмкін? Біз даладамыз. Көлікте түнеп шықтық. Бізді бір қонақ үйге қоныстандырды. Ол (қонақ үйде) жақта жату мүмкін емес.  Ол жақтың жағдай сұмдық, лас", - дейді Камила Әбдірайым.

Тұрғындардың далада қалу қауіпі көрші үйде де бар. Замира Максумованың айтуынша олардың да үйінде жарылған жерлер бар және де жертөледе кей кездері су жиналады.

Фото - Фото -

Естеріңізге сала кетейік, Алматының Алатау ауданында көпқабатты үй қисайып тұрғандықтан тұрғындарды үйден эвакуацияланған.

ТЖ "Алгабас-6" ықшамауданынынң №1 үйінде орын алған. Үйдің екі кіреберісі бар, әрқайсысында 36 пәтерден бар.  Today.kz-ке белгілі болғандай, 72 пәтердің 58-не адамдар қоныстанған.



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Шынғыс 3 мау. 2016

Шаған ға кошірген бе? Естуымше ол Алатау акимынын меншыгы.

Жауап беру