Ермегияев сотқа "бірдеме" айтатынын айтты

Фотография - Ермегияев сотқа "бірдеме" айтатынын айтты

Фото: ©Арман Мухатов

АҚ "Астана ЭКСПО-2017"ҰҚ" ісі бойынша басты фигурант екі жақтың пікірсайыста сөйледі.

4040 0


АҚ "Астана ЭКСПО-2017"ҰҚ"  ісі бойынша сот процесінде қорғаушыларының сөзінен кейін Талғат Ермегияев өзінің соңғы сөзінде жемқорлыққа қатысты жаңа маңызды жағдайларды жариялайтынын айтты, деп хабарлайды Today.kz.

"Құрметті сот, мен тағы да айтамын: мен ешқандай қылмыс жасаған жоқпын, ешқандай пара алған жоқпын, өзімді кінәлі санаудан бас тартамын. Өзімнің қорғаушыларымның айтқан сөздеріне толығымен қосыламын. Өзімнің соңғы сөзімде мен сізге ауқымды "бірдеме" айтамын", - деді Ермегияев.

Айта кету керек, басты фигуранттың қорғаушысы Данияр Қанафин сотқа өзінің қорғап отырған адамға тағылған  яғни пара алғандығын, ақша жымқырды және мемлекетке залал келтірді деген айыптулардың ешқайсысы дәлелденбегенін алға тартты.

Құрметті сот, азаматтың талас мәселе жөнінде сотқа берген арызы дәлелденбеді және қанағаттандырылмауы тиіс. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Талғат Ермегияевті ақтап, оның осы қылмыстық іске байланысты бұзылған құқығын қайтаруыңызды өтінемін. Азаматтың талас мәселе жөнінде сотқа берген арызы қанағаттандырмауыңызды өтінем", - деді қорытынды сөзінде Қанафин.

Айта кету керек, ертеректе қорғаушы Галина Әлімқожаева жарыссөзде сөз сөйлеген болатын. Оның айтуынша, кейбір куәгерлер мен айыптаушылар тергеумен өзара келісіме келіп, Талғат Ермегияевқа жала жапты. Жалпы айтқанда, Талғат Ермегияевтің үшінші қорғаушысы Данияр Қанафиннің сөзі қорытынды болды.

2 маусым күні 11 айыпталушы өздерінің қорытынды сөздерін айтатын болады, содан кейін басқарушы сот Әділхан Шайхисламов шешім шығару үшін ақылдасатын бөлмеге шығады.

Естеріңізге сала кетейік, Прокурор Талғат Ермегияевті 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Оған үш эпизод бойынша, "Аса ірі көлемде пара алу" және "Өзгенің мүлкін аса ірі көлемде иемдену мен шашу" айыбы тағылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!