Атырауда әкімдік қызметкері 1 тәулікке қамалды

Фотография - Атырауда әкімдік қызметкері 1 тәулікке қамалды

Kейін ол сот отырыстарына жұмыс бабымен келе алмағанын айтып, кінәлі екенін мойындаған.

180 0

тырау облысында Жылыой аудандық жер кадастры бөлімінің технигі 1 тәулікке қамалды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.

Мәселенің мәнісі мынады: жер кадастры бөлімінің технигі Құлсары қаласы әкімінің жер беру туралы шешімі мен жер телімін сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану, сонымен бірге, жер телімін қайтарып алу туралы азаматтық іске маман ретінде қатысуға сотқа шақырту алған. Алайда, ол екі рет сот отырысына дәлелсіз себеппен келмеген. Және жазбаша қорытындысын да тапсырмай, сот билігіне құрметпен қарамаған. Кейін ол сот отырыстарына жұмыс бабымен келе алмағанын айтып, кінәлі екенін мойындаған.

Жылыой аудандық сотының қаулысымен техник лауазымындағы әкімдік қызметкері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 653-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 1 тәулікке қамауға алынды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!