Ермегияевтің ісі бойынша сот үкімі 10 маусымда жария етіледі

Фотография - Ермегияевтің ісі бойынша сот үкімі 10 маусымда жария етіледі

Барлығы аталған іс жұмыс жүргізу барысында қолдау үшін мердігер компаниялардан пара алуға байланысты ірі бес эпизодқа бөлінген.

225 0


Ермегияевтің ісі бойынша үкім келесі аптаның жұмасында, 10 маусым күні сағат 16.30-да жарияланады. Бұл туралы бүгін судья "ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-ның бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің ісі бойынша сот отырысы барысында мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласының  қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-ның бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев пен тағы 22 адамның бюджет қаражаттарын аса ірі көлемде жымқыру ісі бойынша  тыңдау жалғасып жатыр. "ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-ның бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевке қатысты қылмыстық іс биылғы жылдың  10 наурызында Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына тапсырылған болатын.

4 сәуірде өткен алғашқы сот отырысында 14 сотталушы өз кінәлерін мойындап, істеген істері үшін өкінетіндіктерін мәлімдеген. Олар Талғат Ермегияевке  пара берілгенін мойындап,  бірқатар жалған актілер жасалғаны, заңсыз ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру жүйесі туралы айтып берген еді.

Жалпы алғанда аты шулы іс бойынша бас айыпталушыға 4,2 миллиард теңгені қалтасына басты деген айып тағылып отыр. Айыптаушы тараптың уәжі бойынша, ол қызмет бабын пайдаланып ақша ұрлаған.

Барлығы аталған іс жұмыс жүргізу барысында қолдау үшін мердігер компаниялардан пара алуға байланысты ірі бес эпизодқа бөлінген.

Соңғы эпизодта көрмені халықаралық деңгейде насихаттау ісі қаралды. Бұл шаруаны испандық "J&G Consultoria de Ferias S.L." компаниясы қолға алған. Алайда аталмыш компания  "Астана ЭКСПО" компаниясының штаттан тыс қызметкерлеріне жалақы беру, басшылыққа сыйлықтар сатып алу және қонақ үй кешені құрылысымен айналысып келген. Аталған қонақ үй құрылысы соңына дейін жеткізілмей, ақырында келтірген залалға өтемақы есебінде қайтарылған.  Жалпы бұл эпизод бойынша  1,7 миллиард теңге ұрланған.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!