Алматыда қисайған үйді салу кезінде өрескел қателіктер кеткен

Фотография - Алматыда қисайған үйді салу кезінде өрескел қателіктер кеткен

Фото: ©Алмаз Толеке

Комиссия көпқабатты үйді сүріп тастауды ұсынды

2537 0

Алматы әкімдігі "Алғабас" шағын ауданындағы апаттық үйге қатысты түсініктеме берді. Жұмыс комиссиясы көпқабатты үйді бұзуға шешім шығарды.

Қазір аталмыш үйдің тұрғындарын екі қонақ үйге орналастырды. Олардың дүние-мүлкін сақтауға ғимарат қарастырылған.

Сондай-ақ, Алматы әкімі Бауыржан Байбектің нұсқауымен жұмыс комиссиясы құрылып, талапқа сай салынбаған үйдің қалайша пайдалануға берілгенін анықтайтын болды.

"Комиссия құрамында бірнеше мемлекеттік мекемелер, оның қатарында қалалық прокуратура да бар. Олар қазір себебін тексеріп жатыр. Аталмыш комиссия екі апта бойы жұмыс жүргізіп, құрылыс ережеге сай жүргізілмегенін анықтады. Біріншіден, іргетас астындағы топырақ тығыздалмай, салдарынан ғимарат қисайған. Үй апаттық жағдайда тұр. Осыған байланысты, комиссия "Астана Құрылыс" мердігерлік компаниясы жауапты деген ұйғарымға келді. Олар тұрғындар алдында толықтай жауапкершілік алып және баспананы қалпына келтіретін болады" – деді Алматы әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежанов.

Аудан әкімінің орынбасары атап өткендей, жобалау ұйымымен техникалық қадағалаушы мекеме де жауап беретін болады.

Айта кетейік, аталмыш үй 2014 жылдың 12 желтоқсанында пайдалануға берілген. Нысанды қабылдау кезінде құжаттарға 12 қадағалаушы мекеме өкілдері қолдарын қойыпты. Осыған байланысты, комиссия нысанды қабылдау кезінде кімнің жіберген олқылығы екенін анықтайтын болады.

Айта кетерлігі, "Алғабас" шағын ауданындағы апаттық үй "Жолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясында салынған. 72 пәтердің тұрғындары баспанаға мемлекеттік бағдарлама бойынша қол жеткізіпті. Үйдің құрылысына 459 млн теңге жұмсалған. "Астана Құрылыс" компаниясы мемлекеттік бағдарлама аясында 2014 жылы – 4 үй, 2015 жылы 5 үй тұрғызған.

Естеріңізге салайық, 2 маусым, бейсенбіге қараған күні "Алғабас" шағын ауданындағы 136-үйдің 200 тұрғыны көшірілген болатын. 





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!