Атырауда Испания саяхатшысы жол апатына түсті

Фотография - Атырауда Испания саяхатшысы жол апатына түсті

Дәрігерлер испандық саяхатшының бір аяғының балтыр сүйегі сынғанын, орта дәрежелі жарақат алғанын анықтапты.

574 0

Атырау облысында Ресейге бағыт алған Испания саяхатшыларының бірі жол апатына ұшырады. Бұл туралы azh.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Испания саяхатшылары мотоциклмен Атырау облысы арқылы Ресейдің Астрахань облысына жетуді көздеген. Алайда, Исатай ауданындағы Тұщықұдық ауылы тұсында шетелдік саяхатшының бірі Алонсо Карлос мотоциклімен жол апатына түскен. Кеше таңертең Исатай ауданының тұрғыны Еркебұлан Ғазезов жол бойында мотоциклімен құлап жатқан шетелдікті көрген. Ол онымен ағылшын тілінде сөйлесіп, мән-жайға қаныққан. Еркебұланның шақыруымен жеткен "жедел жәрдем" шетелдік саяхатшыны Исатай аудандық ауруханасына жеткізген.

Дәрігерлер испандық саяхатшының бір аяғының балтыр сүйегі сынғанын, орта дәрежелі жарақат алғанын анықтапты. Қазір шетелдік саяхатшы облыстық ауруханаға жеткізілді. Оның серігі Ресейге жалғыз кеткенге ұқсайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!