Ақтөбедегі атыс: экстремисттер үшеуін өлтірді, арнайы операция жалғасуда

Фотография - Ақтөбедегі атыс: экстремисттер үшеуін өлтірді, арнайы операция жалғасуда

Қала тұрғындарына сыртқа шығуға кеңес бермеуде.

14358 0


ҚР ІІМ Ақтөбеде болып жатқан оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Today.kz.

"Астана уақытымен 15.45-те Ақтөбе облыстық ІІД-не қару жарақ дүкеніне шабуыл жасалды деген хабарлама түскен. Бір сағаттан соң, Ұлттық гвардия оналасқан әскери бөлімге және келесі бір қару жарақ дүкеніне шабуыл жасалған. Шабуыл жасалған "Паллада" дүкенінің сатушысы қайтыс болған, бір адам жараланған. Әскери бөлімде қарсылық көрсету барысында офицер мен келісімшартпен жұмыс жасап келген әскериқызметкер қайтыс болған. 9 әскери қызметкер жараланған. Ұрыс барысында шабуыл жасаушы бір адам ұсталды, үшеуі мерт болды және біреуі жараланған. Бірнеше қылмыскерлер бұғатталды, шабуыл жасаған бірнеше адам қашып кеткен. Оларды үстау үшін арнайы іс шаралар жасалуда, болжаммен, шабуыл жасаушылар радикалды жақтаушы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері болуы мүмкін. Ақтөбе қаласында антитеррорлық опреация жарияланды, көңіл көтеру аймақтары жабылды, сонымен қатар қоғамдық көліктерде тоқтатылды. Тұрғындарда үйінен шықпауға кеңес береміз, және де абай болуын өтінеміз. Барлық мағлұматты кейінірек хабарлайтын боламыз", - дейді ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат Департаментінің басшысы Алмас Сәдуов. 

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбедегі атыс туралы куәгерлер арқылы белгілі болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!