Ақтөбеде қылмыскерлер алты адамды мерт қылды - ІІМ нақтыланған ақпарат

Фотография - Ақтөбеде қылмыскерлер алты адамды мерт қылды - ІІМ нақтыланған ақпарат

Фото: instagram/@aktobe_zello

ІІМ Ақтөбедегі арнайы операция жайлы нақтыланған ақпаратты берді.

8054 0


ҚР Ішкі істер министірлігі Ақтөбедегі арнайы операция жайында нақтыланған ақпаратты берді, деп хабарлайды Today.kz. 5 маусым сағат 23:25 кезінде қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан төрт адам екендігі белгілі болды. Төрт қылмыскердің көзі жойылды.

"Нақтыланған ақпарат бойынша, қылмыскерлер "Паллада" қару жарақ сататын дүкенге шабуыл жасады, онда сатушымен "Күзет" күзет агенттігінің қызметкерін өлтірген, сонымен қатар, оқиға орнына жеткен патрульдік полицияның үш қызметкерін жаралаған. "Пантера" қару жарақ сататын дүкенге шабуыл жасалған кезде дүкенге келуші азамат қайтыс болған, тағы біреуі жараланған. Оқиға орнына келіп жеткен полиция жасағы барлық қылмыскерлердің көзін жойып, біреуін ұстаған.Әскери бөлімге шабуыл жасау үшін, қылмыскерлер Қоғамдық көлікті басып алып, жолаушылар мен жүргізушіні түсірген; содан соң автобуспен қақпаны бұзып, әскери бөлімнің аумағына кіріп, шабуылдаған. Сол жерде үш әскери адамды өлтіріп, алтауын жаралаған. Кезекші қарауылға қару тақап, әскери бөлімнің аумағына ары қарай кірмек болған кезде келіп жеткен полиция жасағы бір қылмыскердің көзін жойып, тағы біреуін жарақаттап, қамауға алған. Жалпы антитеррорлық операция кезінде төрт қылмыскердің көзі жойылып, жетеуі ұсталған, оның ішінде екеуі жараланған. Қазіргі кезде жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп қалған қаскүнемдерді ұстау шаралары жүргізілуде", - деді Алмас Сәдубаев. 

Ертеректе офицермен келісімшартпен жұмыс жасаған әскери және де қару жарақ дүкенінің сатушысы қаза тапқандығы жайлы хабарланған болатын. Қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!