Бердібек Сапарбаев Ақтөбе тұрғындарын сақтық танытуға шақырды

Фотография - Бердібек Сапарбаев Ақтөбе тұрғындарын сақтық танытуға шақырды

Ақтөбе әкімі қала тұрғындарына үндеу жариялады.

582 0


Қалыптасқан жағдайға байланысты облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеме жасады. Өңір басшысы халықты сақ болып, күдік туғызатын азаматтарды көргенде Ішкі істер органдарына хабарлауға шақырды. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

"Ақтөбеліктердің сақтық танытуларын сұраймыз. Күмәнді тұлғаларды байқасаңыз, 102 нөмір арқылы Ішкі істер органдарына шұғыл түрде хабарлау қажет. Құрметті жерлестер, сіздерден сабырлық танытуды сұраймыз. Жоспарлы антитеррорлық операциялар жүргізілуде. Жағдайдың бақылауда екендігін сендіреміз. Қазіргі кезде ахуал тұрақты", - деді облыс әкімі.

5 маусым сағат 15.45-те Ақтөбе облыстық ІІД-не қару жарақ дүкеніне шабуыл жасалды деген хабарлама түскен. Бір сағаттан соң, Ұлттық гвардия оналасқан әскери бөлімге және келесі бір қару жарақ дүкеніне шабуыл жасалған.

Ұрыс барысында шабуыл жасаушы бір адам ұсталды, үшеуі мерт болды және біреуі жараланған.  Сонымен қатар, осы жағдайға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде пікір білдірген болатын.

Нақтыланған ақпарат бойынша, 5 маусым сағат 23:25 кезінде қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан төрт адам екендігі белгілі болды. Төрт қылмыскердің көзі жойылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!