Астанада "Байқоңыр" тұрғын үй кешені өртенді

Фотография - Астанада "Байқоңыр" тұрғын үй кешені өртенді

Алдын ала мәліметтер бойынша ТЖ шығуына электр сымдарының айқас тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

258 0

Астанада "Байқоңыр" тұрғын үй кешеніндегі ғимараттардың бірі өртенді. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Кезекші бөлімге аталған оқиға туралы хабар түнгі сағат 02:12-де келіп түскен. 02:17 минут кеткенде өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен. Белгілі болғандай, өрт 5 пен 9 қабат аралығындағы лифт шахтасынан шыққан. Ал, 5 пен 20 қабат аралығын қою қара түтін торлаған. Өрт 2:35 минут кеткенде ауыздықталды.

Өрт сөндіруге жеке құрамның 50 адамы мен 9 арнайы техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, оқиға орнында жедел жәрдем қызметі екі адамға көмек көрсеткен. Олар түтінге уланып қалыпты. 230 адам тұрғын үйден қауіпсіз жерге шығарылған.

Иманқұловтың айтуынша, ауладағы бей-берекет қойылған көліктер өрт сөндірушілердің шұғыл қимылдауына кедергі келтірген. Бұл мұндай алғашқы жағдай емес. Өрт сөндіру көлігіне жол ашу үшін үй тұрғындарының өздері жұмыла көліктерді орындарынан жылжытыпты. Ал, техникалардың үйге жете алмай жатқанын көрген кейбір адамдар байбалам салып, дүрліккен көрінеді.


baq.kz





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!