Жерге қатысты шерулерді Төлешов қаржыландырған - тергеу

Фотография - Жерге қатысты шерулерді Төлешов қаржыландырған - тергеу

ҚР Бас прокуратурасында брифинг өткізілді

4928 0


Тоқтар Төлешов конституциялық құрылым негізіне қарсы қылмысқа қатысы болуы мүмкін, деп хабарлайды Today.kz Бас прокуратура брифингінен.

"Төлешовке бірнеше ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деп айып тағылуда. Олардың ішінде адам ұрлау, кісі өлтіру, адамға әртүрлі деңгейдегі дене жарақатын салу, біреудің мүлкін әдейі бүлдіру, рейдерлік. Тергеу органдарымен Қазақстанның басқа өңiрлерiнде де ұйымдастырған наразылық акцияларын қаржыландыру фактiлерi қаралды. Төлешов тергеу изоляторында бола отырып, елдегi қалыптасқан жағдайды пайдаланып, 2016 жылдың мамырында Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш қаласында жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыруға әрекеттенген. Өзiнiң жоспарларын iске асыру мақсатында Төлешов құқық қорғау органдарының бұрынғы және қазіргі жоғарғы лауазымды тұлғалары, сондай-ақ, елiмiздiң қарулы күштерi бөлiмдерiнiң кейбiр басшылары қатарынан мақсатты түрде өзiнiң жақтастыран iздестiрген. ҰҚК органдары Төлешовтың қылмыстық әрекеттерiн iске асыру мақсатында пайдалануға жоспарланған жасырын орындағы белгiлi қару-жарақ, оқ дәрiлер мен жарылғыш заттар тәркiленген", - дедi Р.Карасев.

ҰҚК өкiлiнiң айтуынша, өткен демалыстарда ҚР ҰҚК қызметкерлерiмен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында Төлешовтың бiрқатар сыбайлас жақтастары тұтқындалған. Олардың қатарында ҚР Бас прокурорының бұрынғы бiрiншi орынбасары, ҚР Конституциялық кеңесiнiң бұрынғы мүшесi, екiншi сыныптағы әдiлет кеңесшiсi Iлияс Бақтыбаев, ОҚО IIД бұрынғы басшысы, генерал-майор Ғибратолла Досқалиев, ОҚО IIД бұрынғы бiрiншi орынбасары, полиция полковнигi Сәкен Айтбеков, ҚР Қорғаныс министрлiгi Оңтүстiк аймақтық басшылығының 35748 және 55652 әскери бөлiмдерiнiң командирлерi, полковниктер Бекзат Жумин және Қайрат Телебаевтар. Аталған тұлғалар тұтқындалып, уақытша тергеу изоляторына отырғызылған.

30 қаңтар күні Шымкентте арнайы операция кезінде атақты бизнесмен Тоқтар Төлешов тұтқындалған. Ұстау барысында қару-жарақ, наркотикалық заттар және белгісіз кітаптар кіленген. Тоқтар Төлешов туралы жаңалықтарды мына жерден орыс тілінде оқи аласыз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!