Әкімдік: апатты деп танылған 9 қабатты үй сүрілуге тиіс

Фотография - Әкімдік: апатты деп танылған 9 қабатты үй сүрілуге тиіс

Алматыда жаңадан салынған үйдің 208 тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілген болатын.

194 0

Тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген Алғабас шағын ауданындағы тоғыз қабатты үйді салу кезінде құрылыс жағдайының ережесі бұзылған, үйді сүру ұсынылды, деп хабарлады Алматы әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежанов.

Бейсенбіге қараған түні  Алматыда жаңадан салынған үйдің 208 тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілген болатын. ТЖ Алатау ауданындағы Алғабас ықшамауданында (Момышұлы және Ақын Сара көшелерінің қиылысы) болды. Тұрғындардың айтуынша, толастап жауған жаңбырдан үйдің жертөлесіне су толып қалған. ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, үй астындағы жер отырып қалған және содан үй қисайған. 

"Құрылыс кезінде құрылыс жағдайының ережесі бұзылған, топырағын нығайту жұмыстары қарастырылмаған, осыған байланысты ғимарат қисайды және топырақ отырып қалды. Комиссия құрылыс жағдайында ереже бұзылғандықтан мердігер компания баспананы қайта қалпына келтіруі керек немесе басқа жерден баспана беруі тиіс деген шешім шығарды", — деді Мәкежанов.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!