ҚР Бас мүфтиі Ақтөбелік террористерге қатаң жаза қолданылады деп сенеді

Фотография - ҚР Бас мүфтиі Ақтөбелік террористерге қатаң жаза қолданылады деп сенеді

Фото: ©Арман Мухатов

Ержан қажы Малғажыұлы қазақстандықтарға бейнежолдау жариялады.

637 0

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының басшысы Ержан қажы Малғажыұлы қазақстандықтарға арнап бейнежолдау жариялады, деп хабарлайды Today.kz.

"Еліміздің мұсылмандары Ораза айы қарсаңында, Ақтөбеде орын алған, лаңкестік әрекеттерді терең өкінішпен естіді. Осы оқиғаға дін атын жамылған радикалдардың қатысы бар деп айыпталуда. Адам жанын түршіктіретін зұлымдыққа барғандардың дін жолында жүрген мұсылмандарға қатысы бар деп айтуға ауыз бармайды. Ислам діні ешкімді ұстанатын дініне немесе ұлтына бөлместен жазықсыз қан төгуге ешқашан рұқсат етпейді. Ел мұсылмандарының басын қосып отырған ҚМДБ орын алған лаңкестік оқиғаны үзілді кесілді айыптайды. Ислам - бейбітшіліктің діні. Құран кәрімде: "кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамдарды өлтіргенмен тең, және кім оны тірілітсе, өлімнен құтқарса барлық адамды тіріліткенмен тең дейді Мәида сүресінің 32-ші аятында. ламан жұрт тыныш заманда жантүршігерлік қылмысқа барғандардың адамгершілік қасиеттерден жұрдай болғаны анық. Алланың құзырында да, мемлекетіміздің заң алдында да қылмыс жасағандар ең қатал жазаға тартылады деп сенеміз. Елдің амандығы жолында, өздерінің азаматтық парызын орындау барысында қаза тапқандардың отбасыларына және туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз және сабырлық тілейміз. Құқық қорғау органдарының өкілдері өздерінің жанын қия отырып, ауыр зардапқа апаратын қылмыскер жолын кесті. (...) Отан жолында қаза болған бауырларымыздың жані жұмақта болғай. Қылмыскерлерге тосқауыл қою кезінде, жарақат алған бауырларымызған Алладан шипа тілейміз. Ақихатында жазықсыз жандардың, өмірін қиған залымдарды ел азаматтары шынайы мұсылман бауырлар түбегейлі айыптайды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай: Еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірі, баршамыз үшін ең жоғары құндылық. Сондықтан, қоғамдағы тыныштық пен бейбіт өмірді сақтау әр азаматтың борышы һәм парызы деп білгеніміз жөн. Еліміздің барша азаматтарын арандатушылық әрекеттерге берілмеуге, қоғам тыныштығын қадірлеуге және жауыздықпен жұмыла күресуге шақырамын ағайын" - деді Бас мүфти.

5 маусым сағат 15.45-те Ақтөбе облыстық ІІД-не қару жарақ дүкеніне шабуыл жасалды деген хабарлама түскен. Бір сағаттан соң, Ұлттық гвардия оналасқан әскери бөлімге және келесі бір қару жарақ дүкеніне шабуыл жасалған.

Ұрыс барысында шабуыл жасаушы бір адам ұсталды, үшеуі мерт болды және біреуі жараланған.  Сонымен қатар, осы жағдайға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде пікір білдірген болатын.

Нақтыланған ақпарат бойынша, 5 маусым сағат 23:25 кезінде қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан төрт адам екендігі белгілі болды. Төрт қылмыскердің көзі жойылды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!