Төлешовтың болжамды жақтастары кімдер?

Фотография - Төлешовтың болжамды жақтастары кімдер?

Төлешовтың жақтастиары қатарында ҚР Бас прокурорының бұрынғы бiрiншi орынбасарыда бар.

7107 0


Бүгін бірқатар бұрынғы және қазіргі лауазымды тұлғаларға Жер реформасына қарсы заңсыз шерулерді қаржыландырды және билікті күшпен басып алуға әрекеттенді деген айып тағылды.  "Шымкент пиво" компаниясының бұрынғы қожайыны Тоқтар Төлешовпен сыбайластық құрып, мемлекеттік конституциялық құрылымға қауіп төндірді дегендердің қатарында ҚР Бас прокурорының бұрынғы бiрiншi орынбасары, ҚР Конституциялық кеңесiнiң бұрынғы мүшесi, екiншi сыныптағы әдiлет кеңесшiсi Iлияс Бақтыбаев та бар.

Тоқтар Төлешов елдегі ірі кәсіпкер. ОҚО "Шымкент пиво" компаниясының құрылтайшысы әрі қожайыны, "Шымкентстекло" шыны ыдыс өндірісімен айналысатын серіктестіктің директоры,  "Шымкент Pictures" деректі және көркем фильмдер өндірісімен айналысатын компанияның құрылтайшысы болған.

2007-2011 жылдар аралығында – Азия құрлықтық бокс федерациясының (FAAB) вице-президенті, Халықаралық бокс федерациясының (AIBA) комитет төрағасы;

2008 жылдан – Қазақстан Казак қоғамдық бірлестіктері бас атаманының Ресеймен, ТМД елдеріндегі орыс және казак ұлттық-мәдени қоғамдық ұйымдармен одақтастық қатынастарды нығайту жөніндегі кеңесшісі; 

2009 жылдан – "Қазақстанның орыс қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі және өкілетті өкілі; 

2009 жылдан – "Қазақстанның орыс қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі және өкілетті өкілі; 

2011 жылы "Шанышқылы" қоғамдық қорын құрған; 

2012 года – "Қарқындылығы төмен лаңкестік қатерлер мен қақтығыстарға сараптама жасау орталығының" Орталық Азия бағытының директоры; 

2014 жылдан – түрлі діни конфессиялардың өкілдеріне қолдау көрсететін "Ислам және әлем" аймақаралық қайырымдылық қорының вице-президенті...

Т.Төлешовтың осынша қоғамдық ұйымдар мен қорлар құрып жұмыс істеуі кімге керек? Осы және басқа да сауалдарға қатысты қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қаңтарда Шымкентте тәртіп сақшылары ауқымды операция өткізіп, Тоқтар Төлешовты тұтқындаған болатын. Оған ҚР ҚК 266-шы, 297 баптары бойынша айып тағылған еді. Бүгін ҚР Бас прокуратурасы Т.Төлешов Жер реформасына қарсы заңсыз шерулер ұйымдастыру үшін оны қаржыландырды, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді деген айып тақты.

ҚР Бас прокуратурасы Т.Төлешовпен сыбайлас болды деген лауазымды қызметкерлердің де аты жөнін атады. Олардың қатарында ұзақ жылдар бойы заң саласында еңбек еткен, ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары, ҚР Конституциялық кеңесiнiң бұрынғы мүшесi, екiншi сыныптағы әдiлет кеңесшiсi Iлияс Бақтыбаев та бар.

Фото -

І.Бақтыбаев 1948 – Алматы облысында дүниеге келген.  Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Заң ғылымдларының кандитаты. Еңбек жолын орта мектептегі лаборанттық қызметтен бастаған. Прокурорлық карьерасын 1985 жылы Алматы қаласының Мәскеу ауданы прокурорының орынбасарынан бастаған. ҚР бас прокурорының бірінші орынбасары қызметін екі рет 1996-1997 жж. және 2003-2008 жылдары атқарды. 2008 жылдың  наурыз айынан бастап – ҚР Конституциялық Кеңестің мүшесі.

Бүгін І.Бақтыбаевтың өзі ұзақ жылдар қызмет еткен Бас прокуратура оны  Тоқтар Төлешовтың сыйбайласы деген айыппен қамауға алынғанын хабарлады.

Сонымен қатар өткен демалыс күндері ҚР ҰҚК қызметкерлерiмен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында Төлешовтың сыбайластары деген күдікпен:

Фото -

ОҚО IIД бұрынғы басшысы, генерал-майор Ғибратолла Досқалиев,

Фото -

ОҚО IIД бұрынғы бiрiншi орынбасары, полиция полковнигi Сәкен Айтбеков, 

Фото -

ҚР Қорғаныс министрлiгi Оңтүстiк аймақтық басшылығының 35748 және 55652 әскери бөлiмдерiнiң командирлерi, полковниктер Бекзат Жумин және Қайрат Пернебаевтарды да қамауға алған. 

Бұлардың бәрі уақытша тергеу изоляторына отырғызылды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!