Қазақстанда террорлық қауіптің "сары" жүйесі енгізілді

Фотография - Қазақстанда террорлық қауіптің "сары" жүйесі енгізілді

Бұл жағдайда алынған ақпараттардың террорлық актіге қатысы бар жоғын анықтау кезінде енгізіледі.

1910 0

40 тәулікке дейін Қазақстанның барлық аумағында террорлық қауіптің "сары" түсі жарияланды, деп хабарлайды Bnews.kz.

"Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Республикалық терроризмге қарсы күрес оперативтік штабының жетекшісі – ҚР ҰҚК төрағасы генерал-лейтенант В.З.Жұмақанов халыққа террорлық актілердің қауіпін ескерту және ақпараттандыру Ережесінің 4 тармағына сәйкес, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, БҚО, СҚО, ОҚО, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында және Алматы мен Астана қалаларында 40 тәулікке дейін террорлық қауіптің "сары" түсі жарияланды",- делінген ҚР ҰҚК таратқан хабарламада.

Фото -

 Осыған байланысты халықты жүргізіліп жатқан мемлекеттік органдардың жұмысына түсіністікпен қарауға шақырады. Иесіз қалған заттарға (сөмке, қораптар, орамалар, қаптар, чемодандар және т.б..) назар аударуға, әсіресе, сым жалғанған техникалық құралғыларға көңіл бөліп, көлікте, қоғамдық орындарда күдікті адамдарға назар аударуға шақырады. Күдікті заттарға жақындамай, бейтаныс адамдардан сәлем-сауқат алып, оны сақтауға алмауға кеңес береді. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-қимылдарына, құжат тексерулеріне түсіністікпен қарап, мейілінше көмек көрсетуге шақырады.  

Әбігерлікке жол бермей тек ресми мемлекеттік органдардың мәліметтерін басшылыққа алу керек.

Террорлық актлердің дәрежесі қауіптің деңгейіне байланысты сары, сарғылт және қызыл түс болып үшке бөлінеді.

Сары түс - бірқалыпты жағдайды білдіреді. Бұл жағдайда алынған ақпараттардың террорлық актіге қатысы бар жоғын анықтау кезінде енгізіледі.

Сарғылт түс – жоғары қауіпті жағдай. Бұл жағдай террорлық акті жасалатыны туралы нақты ақпарат бар кезде жарияланады.  

Қызыл түс – аса қиын жағдай. Бұл жағдай террорлық әрекет бір немесе бірнеше рет жасалған және тағы қайталануы мүмкін екені туралы толық ақпарат бар жағдайда жарияланады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!