Адам өлтіремін деп шыққандарға ең жоғарғы жаза тағайындалуы керек – Б.Сағынтаев

Фотография - Адам өлтіремін деп шыққандарға ең жоғарғы жаза тағайындалуы керек – Б.Сағынтаев

Мемлекет басшысы биылғы жылдың 9 маусымын "Жалпы ұлттық аза тұту күні" деп жариялады.

180 0

Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық тобының XXIV пленарлық отырысында Бақытжан Сағынтаев адам өлтіремін деп шыққандарға ең жоғарғы жаза тағайындалуы керектігін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

"Өте дұрыс. Егер де ол адамды өлтіремін деп шыққан адам, ол артынан өзінің райынан қайтпайды. Сол себептен егер ол адам өлтіруге ұмтылған болса, оған ең жоғарғы жазаны пайдалану керек. Одан басқа бізде амал жоқ", - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары Б.Сағынтаев.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 5 маусымда Ақтөбеде орын алған қанды қырғынға қатысты ресми мәлімдеме жасай отырып, терроризмді қатаң сынаған болатын.

Атап айтқанда, Президент "кез келген сипаттағы экстремизм мен терроризмге қарсы заңдарды қайта қарап, бұл құбылысқа қатаң тойтарыс беру жайын ойластыру керектігін" атты.

"Қолына қару алып, кісі өлтірген адам өлім жазасына кесілуі қажет. Екіншіден, елдігімізге сына қағатын зұлымдықтардың ымырасыз жолын кесуіміз қажет", - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Ақтөбедегі қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы биылғы жылдың 9 маусымын "Жалпы ұлттық аза тұту күні" деп жариялады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!