Крмельде Ақтөбедегі жағдайды Қазақстанның ішкі мәселесі деп санайды

Фотография - Крмельде Ақтөбедегі жағдайды Қазақстанның ішкі мәселесі деп санайды

"Бұл сөзсіз Қазақстанның ішкі мәселесі. Қазақ күш құрылымдары ол қаскөйлерге әсерлі тойтарыс бере білді", - Песков.

277 0

Крмельде Ақтөбедегі жағдайды Қазақстанның ішкі мәселесі деп, еліміздің тергеу органдарының барлығын реттеп, басын ашып алатындығына сенімді, деп мәлім етті дүйсенбіде РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, деп хабарлайды РИА Новости.

Жексенбіде Ақтөбеде суық қаруланып алған бірнеше адам "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасады. Шабуылдан алты адам қаза тауып, 10-нан астам адам жарақат алды. Қалада терроризмге қарсы күрес операциясы режимі енгізілді. Ойын-сауық орындарының жұмысы мен қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтатылды. Төрт қылмыскер қаза тауып, жетеуі қолға түсті. Дүйсенбіге қараған түні жүргізілген жедел іздеу шарасы кезінде полиция қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсеткен тағы 5 қылмыскер оққа ұшып, 2-еуі ұсталды. Ішкі істер министрлігі болған оқиғаны теракті деп атады. 

"Бұл сөзсіз Қазақстанның ішкі мәселесі. Қазақ күш құрылымдары ол қаскөйлерге әсерлі тойтарыс бере білді. Қазақстандық тергеу органдарының мұндай адуын шабуылдың артында ненің тұрғанын анықтайтынында күмәніміз жоқ", — деді Песков тілшілерге. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!