Талғат Ермегияев 14 жыл қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейді

Фотография - Талғат Ермегияев 14 жыл қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейді

Фото: ©Арман Мухатов

Бүгін Астанадағы мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотта судья Әділхан Шайхисламов үкімін жариялады.

1579 0


Бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ экс-басшысы Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Today.kz.

Астанадағы мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотта судья Әділхан Шайхисламов үкімін жариялады, Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырлды, жазасын қатң режимдегі колонияда өтейді. Сондай-ақ, оның мемлекет басшысының жарлығымен берілген "Парасат" ордені де алынбақ. Сот үкімі сондай-ақ оның барлық мүлкін тәркілеуді және мемлекет пайдасына 5,9 млрд теңге қайтаруды міндеттейді.

Т. Ермегияев ҚР ҚК-нің 311 бабы 5 бөлімі (Пара алу, аса ірі мөлшерде жасалса, мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады), 176-бабы "б" тармағы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету, бiрнеше рет) (1997 жылғы ҚК), 189-бабы 4-бөлімі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.

Талғат Ермегияев өткен жылдың 12 маусымынан бері үйқамақта болды. Оған 10,2 миллиард теңгені қалтасына басты деген айып тағылған еді. Жалпы "ЭКСПО-2017" ҰК" қатысты атышулы істе Талғат Ермегияевтен бөлек, тағы 22 адам бар. Солардың бірі ұлттық компанияның Құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы болған Қажымұрат Үсенов 7 маусым күні екі жылға бас бостандығынан айырылды. ЭКСПО-2017" ҰК" компаниясының қаржысын жымқырды деген қылмыстық іс 540 томға жетіп отыр.

Сот үкімі жарияланғаннан соң 15 күннен кейін заңды күшіне енеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!