Ақтөбеде қаза болғандарды еске алуға митинг өтті

Фотография - Ақтөбеде қаза болғандарды еске алуға митинг өтті

№6655 әскери бөлімінде аза тұту митингі өтіп, "Пантера" дүкеніне гүл шоқтары қойылды.

364 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен 9 маусым Қазақстанда лаңкестік акттің құрбандарын ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.  Бүгін сағат 9-дан бастап өңірде тулар түсіріліп, мәдени-көпшілік, спорттық және ойын-сауық шаралары кейінге шегерілді, жергілікті арналарда ойын-сауық теле-радио бағдарламалары тоқтатылды. Ұлттық аза тұту күнінде ақтөбеліктер мен қала қонақтары қайғылы оқиға болған орындарға гүл шоқтарын қойып, лаңкестік әрекет кезінде қаза тапқандардың рухына құрмет көрсетті.

№6655 әскери бөлімінде аза тұту митингі өтіп, "Пантера" дүкеніне гүл шоқтары қойылды. "Нұр Ғасыр" мешітінде қаза тапқандардың рухына құран бағышталды.

5 маусым күні белгісіз топ Ақтөбедегі екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге қарулы шабуыл жасады. ІІМ-нің мәліметінше шабуылға қатысушылардың дені ұсталған, 6 адам іздестірілуде.

Өкінішке орай, шабуыл салдарынан 7 әскери және азаматтық тұлға көз жұмды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жергілікті билік лаңкестіктен зардап шеккен және қайтыс болғандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуде.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!