ЕҚЫҰ елдері Ақтөбедегі террористік актіге байланысты көңіл айтты

Фотография - ЕҚЫҰ елдері Ақтөбедегі террористік актіге байланысты көңіл айтты

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

545 0

ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесіне қатысушылар Ақтөбедегі террористік актіге байланысты көңіл айтты, деп хабарлады Қазақстан СІМ баспасөз қызметі.

Венада ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің арнайы отырысы барысында Тұрақты кеңес төрағасы, ЕҚЫҰ жанындағы ГФР делегация басшысы, Елші Э.Поль, сондай-ақ, ЕО, АҚШ, Швейцария, Ресей, Түркіменстан, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, Әулие Престол, Сан Марино, Украина, Канада, Норвегия, Моңғолия, Сербия, Армения, Лихтенштейн, Черногория, Молдова, Әзербайжан, Босния және Герцеговина, Түркия елдерінің делегациялары 5 маусымда Ақтөбе қаласында орын алған террористік актіге байланысты Қазақстан халқы мен қазақ болғандардың отбасына көңіл айтып, жараланып, жапа шеккендердің деніне саулық тіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.  

Венадағы Қазақстанның халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдігі өз кезегінде ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттерге қайғыға ортақтасқандықтары үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, қазақстандық өкілдік тарапынан Ақтөбедегі террактіге қатысты қайтыс болғандар мен жапа шеккендер саны, Қазақстанның құзырлы органдары тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттар берілді.  Еліміздің аумағында терроризм қаупінің 40 тәулікке жалғасатын «сары» деңгейі белгіленгені айтылды.

Сонымен қатар, Қазақстанның Венадағы өкілдігі Ыстамбұл қаласында 7 маусымда орын алған террористік актіге байланысты бауырлас Түркия халқына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты. "Қазақстан терроризм мен зорлық-зомбылық тудырып отырған экстремизм әрекеттерін қатал айыптайды. Сонымен қатар, терроризм мен экстремизмнің барлық көріністеріне қарсы күрес бойынша халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыратын болады. Жақында орын алып отырған оқиғалар экстремистік топтардың бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік үшін айтарлықтай жаһандық қатер тудыратынын тағы да көрсетті", — делінген Венадағы Қазақстан өкілдігінің мәлімдемесінде.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!