Төлешовтың болжамды жақтастары туралы ҚР Қорғаныс министрлігінде айтып берді

Фотография - Төлешовтың болжамды жақтастары туралы ҚР Қорғаныс министрлігінде айтып берді

Ертеректе Today.kz мемтөңкеріс жасамақ болған болжамды жақтастары туралы хабарлаған болатын.

6103 0

Today.kz-тің ресми сұранысына ҚР Қорғаныс министрлігі Бекзат Жумин және Қайрат Пернебаев туралы ақпарат берді. Сөз ҚР ҰҚК Тоқтар Төлешовке қатысты атышулы іске байланысты баспасөз брифингінде аты аталған бұрыңғы әскери бөлімдердің командирлері жайында. Жумин және Пернебаев тергеу нұсқасы бойынша, мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалған Төлешовтың жақтастары.

Фото -

Бекзат Жумин 1976 жылы 16 қазанда Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Жаркемер ауылында туылған. Ұлты қазақ. Шені - полковник.

1997 жылы Алма-Аты жалпы әскери командалық училищесін, 2009 жылы - Ресей Федерациясы Қарулы күш жалпы әсери академиясын тәмәмдаған. Еңбек өтілін взвод командирден бастап,  бригада командиріне дейін барған. 22 жыл қызмет еткен. Өзін талғампаз әрі жауапты командир ретінде көрсете білді. Мемлекеттік наградалары жоқ. 2013 жылы 26 ақпанда 35748 әскери бөлімнің командирі болып тағайындалған. 2016 жылы 12 ақпанда ҚР ӘК бас штабының басшылығы құзіретіне енгізілген, 3 мамыр "Оңтүстік" АқБ әскер басқару қатарына енгізілген.

Фото -

Қайрат Пернебаев 1978 жылы 29 қыркүйекте  Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Орташыршық ауданы, Бектемір қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Шені - подполковник.

2001 жылы профессор Н.Е. Жуковский және Ю.А. Гагарин атындағы әскери-әуе академиясын аяқтаған. Еңбек өтілін қарапайым ұшқыштан бастап әскери бөлім командирі қызметіне дейін барған. Әрдайым өзін дамыту мақсатында әрі нұсқаушы-ұшқыш ретінде ұшып тұрған. Осы салада 19 жыл еңбек еткен. "ҚР ӘК-не 20 жыл", "Мінсіз қызметі үшін" ІІІ және ІІ дәрежелі медальдармен наградталған және құттықтау хаттары бар. 2014 жылы 28 қазанда 55652 әскери бөлімнің командирі болып тағайындалған.2016 жылы 1 маусым күні 55652 әскери бөлімнің штатында бола тұра, ҚР Қарулы күштері Әуе қорғаныс күштері Әскери-әуе күштері  басшылығы құзіретіне енгізілген. 

Ертеректе Today.kz ҚР Бас прокуратураға сілтеме жасай отырып Тоқтар Төлешовпен сыбайлас болды деген лауазымды қызметкерлердің де аты жөнін атады. Олардың қатарында ұзақ жылдар бойы заң саласында еңбек еткен, ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары, ҚР Конституциялық кеңесiнiң бұрынғы мүшесi, екiншi сыныптағы әдiлет кеңесшiсi Iлияс Бақтыбаев та бар. Сонымен қатар ОҚО IIД бұрынғы басшысы, генерал-майор Ғибратолла Досқалиев, ОҚО IIД бұрынғы бiрiншi орынбасары, полиция полковнигi Сәкен Айтбековтардың да қатысы бар болуы мүмкін деп хабарланған болатын.

Тоқтар Төлешов конституциялық құрылым негізіне қарсы қылмысқа қатысы болуы мүмкін деп хабарлаған болатынбыз. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!