Баян Есентаеваны соққыға жыққан өзінің күйеуі болуы мүмкін

Фотография - Баян Есентаеваны соққыға жыққан өзінің күйеуі болуы мүмкін

Баян Есентаева Instagram парақшасында өзінің соққыға жығылғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

12511 0


Баян Есентаева ауруханаға түсті, оны күйеуі соққыға жыққан. БАҚ беттерінде шыққан ақпаратты Today.kz тілшісіне Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі растады.

"Ақпаратты растаймын, аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарымен Алматы облыстық ІІД Тергеу басқармасының бақылауында. Ол ҚР ҚК 106 бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бойынша іс жүргізілуде. Күдікті ретінде зардап шегушінің жұбайы өтуде, қазіргі кезде бұлтартпау шаралары қарастырылуда", - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметшісі Көбейхан Мырзақұлов.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Youtube желісінде казино қызметкерлерімен тқбелес ұйымдастырған бейне шыққан болатын. Видеоны салушы, роликте Баха Есентаев деп жазған. Ал пікір қалдырушылар Баян Есентаеваның күйеуіне ұқсайтынын жазған. Алматы облыстық ІІД берген мәлімдемесінде, ойынхана қызметкерлерінен ешқандай арыз түспеген, болжаммен конфликт қзара шешілген. Соған қарамастан, полицейліктер видеоны зерттейтінін, егер нақты бір зиянкестік анықтайтын болса, керекті шаралар қолданатынын мәлімдеген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!