Павлодарда күдіктелген педофил қамауға алынды

Фотография - Павлодарда күдіктелген педофил қамауға алынды

Ер адам кішкентай баланы кіреберіске қарай желкелеп алып кеткен видео пайда болды.

3730 0

Павлодарда бес жасар қызға зорлық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Today.kz. Ертеректе Желіде болжамды педофилді іздеу жарияланған және де ер адам қызды кіреберіске желкелеп алып бара жатқан видео пайда болған.

Полиция Интернетте пайда болған ақпаратты растады. Уақытша қамау изоляторына 1963 жылғы Павлодар тұрғыны қамалды.

"Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары 121-бап "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша жүргізілуде. Ұсталғанның сөзі бойынша, ол баланы кіреберіске алып кірген, алайда ойға алған ісін жасауға үлгермеген.  Ер адам бұрындары әр түрлі баптар бойынша сотталған. Өз кінәсін мойындады, және де УҚИ-на қамалды", - дейді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

ІІД мәліметінше, полицияға қыздың ата-анасы хабарласқан, және де оқиға Бектуров көшесінің бойындағы үйдің алаңында болғандығын айтқан.

Сонымен қатар, полициядағылар облыстық ІІД қауіпсіздік қызметі ақпараттың жайылып кетуіне қай қызметкерлердің қатысы барлығын анықтауда. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!