Баян Есентаева әлі жансақтау бөлімінде жатыр

Фотография - Баян Есентаева әлі жансақтау бөлімінде жатыр

Оның жағдайы тұрақты-ауыр.

2482 0

Пышақ жарақатымен ауруханаға түскен танымал продюсер Баян Есентаева әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы бүгін таңертең облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев хабарлады.

"Әзірге бір нәрсе айту әлі ерте. Оның жағдайы тұрақты-ауыр. Дәрігерлеріміз кеше оған ота жасады. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр", - деді Алматы облысының бас дәрігері.

Естеріңізге салып өтсек, кеше сағат 12:05-те қазақстандық жұлдыз Талғар аудандық ауруханасына түсті. Продюсер бас сүйек-ми жарақатын алған, іш қуысына пышақ сұғылған. Ақхалаттылар шұғыл түрде операция жасады.

Бұған дейін хабарланғандай, оқиға Құлжа тас жолында орын алған. Облыстық ІІД растағандай, сол күні ұсталған продюсердің жұбайы Бақытбек Есентаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

bnews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!