Баян Есентаеваның жұбайы оқиға кезінде мас болған

Фотография - Баян Есентаеваның жұбайы оқиға кезінде мас болған

Полициядағылар Бақытбек Есентаевтың ісіне қатысты мәлімдеме жасады

21354 1


Тергеу нұсқасы бойынша, әйеліне ауыр жарақат салған Бақытбек Есентаев оқиға кезінде орта деңгейдегі мас күйінде болған. Бұл туралы Today.kz тілшісіне Алматы облысы Талғар ауданы ІІБ басшысы Асқар Шайхин мәлім етті.

Оқиға 10 маусым күні таңертеңгі уақытта, ерлі зайыптылар Бақытбек Есентаевтың туыстарының үйінен Алматыға қайтып келе жатқанда болған. Жолда отбасылық тұрмыстық жағдайларға байланысты жанжал шыққан.

"Олар өздері жеке көлікпен зардап шегушіні ауруханаға жеткізген және де күйеуі әйелінің қасында болған. Ауруханадан оны алып кетіп, медициналық куәләндіру орталығын апарған. Сол жерден оның қан құрамында алкогольдің бар екендігі анықталған. Содан кейін барып оны Талғар аудандық ІІБ алып кеп, уақытша қамау изоляторына тоғытқан", - деп хабарлайды Асқар Шайхин.

Ол куәгерлердің жедел жәрдем қызметі мен полицияны шақырған деген ақпаратты жоққа жығарды. Есентаевтармен бірге күйуеінің інісі болған және сол інісі өз анасына хабарласып, соңында оқиға орнына анасымен бірге отбасылық жұптың қызы келген. Шайхиннің сөзіне қарағанда, сол інісі оқиға орнына автокөлікті айдап келген.

Бақытбек Есентаевқа қатысты бұлтартпау шарасы 13 маусымда белгіленеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Баян Есентаеваны 10 маусым күні Алматы облысындағы Талғар ауруханасына пышақ жарақатын алуына байланысты алып келген. Продюсер ауыр соққылар алған және де қазіргі жағдайы ауыр және тұрақты. Дәрігерлер емделушінің сауығып кетерін болжайды.



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Гульмира 12 мау. 2016

Что за беспредел? Что за поножовщина? К тому же еще избить. Ведь рядом были родные. Неужели нельзя было не доводить до крайности? Как мерзко.Остается молиться за нее. Пожелаем Баян быть и сильной и не сдаваться.

Жауап беру