Ақтөбедегі лаңкестікке қатысы бар екі күдікті ұсталды - ҰҚК

Фотография - Ақтөбедегі лаңкестікке қатысы бар екі күдікті ұсталды - ҰҚК

Ақтөбе облысында терроризмге қатысы бар күдіктілер Б.Қуанышбаев пен А. Ақпанбетов ұсталды.

6670 0


Ақтөбе облыстық антитеррорлық қызметкерлер жасағы Ақтөбеде лаңкестік жасаған күдіктілердің іздеуде жүрген екеуін ұстады, деп хабарлайды Today.kz ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы орталығы Ақтөбе облыстық терроризмге қарсы күрес үшін құрылған жедел штабы іздеде жүрген Б.Қуанышбаев пен А. Ақпанбетов  ұсталғандығын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Тұрғындар арасында Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпанбетов Әлібек Даниярұлы 19.06.1989 туылған, қазақ, Ақтөбе облысының тумасы, жеке куәлігі №  037905284 13.01.2015 жылдан бастап, ЖСН №890619350134.

Фото -

Қуанышбаев Бақыт Бектайұлы, 12.07.1983 туылған, қазақ, Қызылорда олблысы,Сырдария ауданының тумасы, жеке куәлігі 0404858846 паспорты № 10379595 18.12.2015 жылдан бастап, ЖСН 830712300083.

Фото -

Сонымен, іздеуде жүрген бір күдікті бар - Таңатаров Арсен Нұрланұлы 23.10.1990 туылған, қазақ, Ақтөбе, Қарғалы ауылының тумасы, жеке куәлігі № 025852144 22.12.2010 жылдан бастап, ЖСН 901023302429.

Фото -

Ертеректе белгілі болғандай, Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылында күдіктелген террористтерді іздеуге арнайы операция жүргізілген.

Естеріңізге сала кетейік, 5 маусым күні Ақтөбеде террорлық шабуылдың қызыл деңгейі  жарияланған болатын. Қылмыскерлер екі қару жарақ дүкеніне шабуыл жасап, артынша Ұлттық Ұлан әскери бөліміне шабуыл жасаған. Қазақстанның бүкіл аумағында террорлық шабуылдың сары деңгейі жарияланды. 

Қайтыс болғандар саны жетеуге жетті. 17 қылмыскердің көзі жойылды. Біреуі әлі іздеуде. Құқық қорғау органдары қылмыскерлердің облыс аумағында жүргенін топшылайды. 

9 маусым лаңкестік салдарынан қаза тапқандарды аза тұту күні болып жарияланған. Қазақстан Президенті болған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. Барлық Ақтөбедегі лаңкестік туралы жаңалықтарды мына жерден оқи аласыздар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!