Ақтөбеде ұсталған күдікті террористке медициналық көмек көрсетілді

Фотография - Ақтөбеде ұсталған күдікті террористке медициналық көмек көрсетілді

12 маусымда террорға қарсы штаб лаңкестік жасаған екі күдіктіні ұстағандығын хабарлаған.

10706 0

Ұсталған күдікті лаңкес Әлібек Ақпанбетовке жедел медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Today.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып. Жедел медициналық көмек ауруханасынан кейін, лаңкестік жасады деген күдікпен ұсталған Ақпанбетов тиісті ведомствоға жеткізілді.

Әңгіме 27-жасар Ақтөбе облысының тумасы жайында болып отыр, ол 33-жасар күдікті, Қызылорда облысының тумасы Бақыт Қуанышбаевпен бірге ұсталған.

Қазіргі кезде іздеуде тағы бір адам бар, ол 1990 жылғы Ақтөбелік Арсен Таңатаров.

Фото -

Ақтөбеде 5  маусымда салафизм дәстүрлі емес діни ағымның ұстанушыларынан құралған бір топ адамның лаңкестік жасауынан кейін антитеррорлық операция жалғасуда. Қылмыскерлер қару жарақ сататын екі дүкенге және әскери бөлімге шабуыл жасаған. Лаңкестік салдарынан жеті адам қаза тапты, оның ішінде үшеуі әскерилер.  Көзі жойылған қылмыскерлердің саны 18. Қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланған.  Қазақстанның барлық аумағында - бірқалыпты сары деңгей. Осы тақырыпқа байланысты барлық жаңалықтарды мына жерден оқи аласыздар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!