Ақтөбедегі қанды қырғынға қатысы бар ең соңғы күдікті Арсен Таңатаров ұсталды

Фотография - Ақтөбедегі қанды қырғынға қатысы бар ең соңғы күдікті Арсен Таңатаров ұсталды

Күдіктілердің ішінде құқық қорғау органдарының қолына түспей жүрген жалғыз осы Арсен Таңатаров болатын

10185 0

Ақтөбеде 5 маусымда болған лаңкестікке қатысы бар деген күдікті Арсен Таңатаров ұсталды, деп хабарлайды Today.kz ақпарат көздеріні сілтеме жасап. Күдіктілердің ішінде құқық қорғау органдарының қолына түспей жүрген жалғыз осы Арсен Таңатаров болатын. Арсен Таңатаров ҰҚК өкілдерірінің мәліметінше 23.10.1990 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ, Ақтөбеге қарасты Қарғалы ауылының тумасы. 12 маусымға қараған түні Ақтөбе облыстық терроризмге қарсы күрес орталығы екі күдіктінің ұсталғанын хабарлаған. Олар Б.Қуанышбаев пен А.Ақпанбетов. Белгілі болғандай Әлібек Ақпанбетовқа жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсеткен.

Ақтөбеде 5  маусымда салафизм дәстүрлі емес діни ағымның ұстанушыларынан құралған бір топ адамның лаңкестік жасауынан кейін антитеррорлық операция жалғасуда. Қылмыскерлер қару жарақ сататын екі дүкенге және әскери бөлімге шабуыл жасаған. Лаңкестік салдарынан жеті адам қаза тапты, оның ішінде үшеуі әскерилер.  Көзі жойылған қылмыскерлердің саны 18. Қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланған.  Қазақстанның барлық аумағында - бірқалыпты сары деңгей. Осы тақырыпқа байланысты барлық жаңалықтарды мына жерден оқи аласыздар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!