Ақтөбедегі террористер түзету мекемелеріне шабуыл жасамақ болған - тергеу

Фотография - Ақтөбедегі террористер түзету мекемелеріне шабуыл жасамақ болған - тергеу

Фото: today.kz

Ақтөбеде өтіп жатқан брифингте ҰҚК төрағасының орынбасары қатысты.

4663 0

Ақтөбе облысында террорлық қауіптің "қызыл" деңгейі сарыға түсті. Бұл туралы Ақтөбеде өтіп жатқан брифингте ҰҚК төрағасының орынбасары, генерал-майор Нұрғали Білісбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz.

"Арнайы операция барысында 9 қылмыскер тұтқындалып, 18-і ұсталды. 25 қылмыстық іс бір өндіріске топтастырылды, тұтқындалған қылмыскерлер өз қылмыстарын әшкерелейтін жауап берді. Олар қару-жарақ дүкенін тонап, әскери бөлім мен түзету мекемесіне шабуыл жасауды жоспарлаған. Қазір Ақтөбе облысында жағдай қызыл деңдейден сары деңгейге түсті. Қылмыскерлерден 23 қару тәркіленді", - деп мәлім етті ҰҚК төрағасының орынбасары, генерал-майор Нұрғали Білісбеков.

Сонымен қатар, Ақтөбеде арнайы операция барысында тәртiп сақшылары зардап шеккен жоқ, деп мәлiмдедi ҚР IIМ ресми өкiлi Алмас Садубаев. Операция барысында барлық күдiктi ұсталды.

"Құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет қызметкерлерi арнайы операция барысында Ақтөбеде террорлық акті жасады деген күдiкпен Бақыт Қуанышбаев, Әлібек Ақпанбетов және Арсен Таңатаровты ұстады. Тәртiп сақшыларынан қашқысы келген Ақпанбетов аяғынан жараланды. Қуанышбаев пен Ақпанбетов жергiлiктi уақытпен кеше сағат 22.43-те ұсталса, Таңатаров бүгiн сағат 9.00-де құрықталды. Одан дүкеннен ұрланған қару-жарақ тәркіленді. Операция жүргiзу барысында халықтың қауiпсiздiгi сақталды. Құқық қорғау органдары қызметкерлерi арысында зардап шеккендер жоқ. Тәртiп сақшылары Ақтөбе аумағындағы азаматтардың қауiпсiздiк шараларын сақтап отыр. Арнайы операция нәтижесiнде барлық лаңкестер ұсталды", - дедi Алмас Садубаев.

Естеріңізге сала кетейік, 5 маусым күні Ақтөбеде террорлық шабуылдың қызыл деңгейі  жарияланған болатын. Қылмыскерлер екі қару жарақ дүкеніне шабуыл жасап, артынша Ұлттық Ұлан әскери бөліміне шабуыл жасаған. Қазақстанның бүкіл аумағында террорлық қауіптің сары деңгейі жарияланды. 

Қайтыс болғандар саны жетеуге жетті. 17 қылмыскердің көзі жойылды. Біреуі әлі іздеуде. Құқық қорғау органдары қылмыскерлердің облыс аумағында жүргенін топшылайды. 

9 маусым лаңкестік салдарынан қаза тапқандарды аза тұту күні болып жарияланған. Қазақстан Президенті болған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. Барлық Ақтөбедегі лаңкестік туралы жаңалықтарды мына жерден оқи аласыздар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!