Есентаеваны суретке түсірген медбике жазаланады - зардап шегушінің туысы

Фотография - Есентаеваны суретке түсірген медбике жазаланады - зардап шегушінің туысы

Бағым Мухитденова интернет-қолданушыларына өтініш айтты.

14663 0

Баян Есентаеваның ауруханадағы суреті Желіде тарап кетті. Соққылар мен пышақ жарақатын алған продюсердің суретін медбике түсіріп алған.  Баян Есентаеваның туысы болып келетін Бағым Мухитденова сурет авторы "өзінің лайықты жазасын" алатынына сенімді, деп хабарлайды Today.kz.

Бағым Мухитденова өзінің Instagram парақшасында осындай жазба орналастырып, интернет-пайдаланушыларына фотоны таратпау туралы өтініш білдірді.

"Құрметті достар! Осы күндері әлеуметтік желіге қарайтындай шама болмады, себебі біздің отбасымызда ауыр жағдай орын алып тұр, Алла сақтасын мұнадайды көруден! Мен оны жоғалтып аламын деп қорықтым. Қазіргі кезде ол қорғансыз және өте нәзік. Қазір ол сіздердің айыптарыңызға жауап қайтара алмайды, сіздерге фотоны таратуға тоқтау бола алмайды. Ол суретті мәдениетсіз, тәрбиесіз, медбике жасаған және де ол өзіне лайықты жазасын тартады. Мен сіздерден осының барлығын тоқтатуды өтінемін. Баян темірден жасалған жоқ, ол нәзік әйел, еліміз үшін талай нәрсе жасаған адам және де мұнымен ешкім дауласа алмайды. Мен сіздерден өтінемін - тоқтатыңыздар", - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусым күні Баян Есентаева ауруханаға жеткізілген. Продюсер қатты соққылар алған, оның жағдайы ауыр тұрақты деп бағалануда. Белгілі продюсерді соққыға жықты деп оның жолдасы Бақытбек Есентаев айыпталуда. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР ҚК 106 бабы " Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бойынша жүргізілуде. Белгілі болғандай оқиға болған кезде Бақытбек Есентаев мас  болған. Қазіргі кезде Баян Есентаеваның жағдайы жақсарып келеді. Ол есін жинады және сөйлей алады. Продюсердің өміріне алаңдаған қазақстандықтар әлеуметтік желіде оны қолдау үшін топ құрған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!