Полиция Баян Есентаеваның реанимацияда жатқан суретінің авторын іздестірмек

Фотография - Полиция Баян Есентаеваның реанимацияда жатқан суретінің авторын іздестірмек

Талғар аудандық ауруханасында қызметтік тергеу жүргізілуде.

8455 0

Талғар аудандық ауруханасында Баян Есентаеваның жансақтау бөлімінде жатқанын суретке түсірген адамды іздестіру бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Today.kz. Медициналық мекеменің басшылығы зардап шегушіге кімдер кіре алатыны туралы тізім жасауда. Ары қарай ол құқық қорғау органдарына беріледі.

"Біз қызметтік тергеу жұмыстарын жасап, ары қарай істі ІІАБ өткіземіз. Қазір ІІАБ-мен байланысамыз. Біздер кімдердің кіре алатындығы жөнінде тізімді береміз, ал полицейлер анықтайтын болады", - дейді мекеменің емдеу жұмыстары бойынша директорының орынбасары Ербол Сәрсенбаев.

Айта кетейік, WhatsAppта және әлеуметтік желіде Баян Есентаеваның реанимацияда жатқан суреті тарап жатыр. Баян Есентаеваның туысы болып келетін Бағым Мухитденова сурет авторы "өзінің лайықты жазасын" алатынына сенімді.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусым күні Баян Есентаева ауруханаға жеткізілген. Продюсер қатты соққылар алған, оның жағдайы ауыр тұрақты деп бағалануда. Белгілі продюсерді соққыға жықты деп оның жолдасы Бақытбек Есентаев айыпталуда. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР ҚК 106 бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бойынша жүргізілуде. Белгілі болғандай оқиға болған кезде Бақытбек Есентаев мас болған. Қазіргі кезде Баян Есентаеваның жағдайы жақсарып келеді. Ол есін жинады және сөйлей алады. Продюсердің өміріне алаңдаған қазақстандықтар әлеуметтік желіде оны қолдау үшін топ құрған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!