Баян Есентаеваның күйеуі енді кісі өлтіруге оқталды деп күдікке ілінді

Фотография - Баян Есентаеваның күйеуі енді кісі өлтіруге оқталды деп күдікке ілінді

Бақытбек Есентаевқа қатысты істі басқа бапқа ауыстырды.

10082 0


Баян Есентаеваның жолдасына енді кісі өлтіруге оқталу айыбы тағылды, деп хабарлайды Today.kz Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Ертеректе Бақытбек Есентаевқа қатысты ҚР ҚК 106 бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бойынша іс жүргізілген болатын.

"Сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын Талғар аудандық ІІАБ тергеу бөлімінің қызметкерлері жүргізуде.  Қазіргі кезде күдіктіге ҚР ҚК  24-бабының 3-тармағы арқылы 99-бабының 1-тармағы "Кісі өлтiру" айыбы тағылды. Аталған факті бойынша іс ІІД тергеу басқармасының қарамағында", - деді өңірлік Ішкі істер департаментінен.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусым күні Баян Есентаева ауруханаға жеткізілген. Продюсер қатты соққылар алған, оның жағдайы ауыр тұрақты деп бағалануда. Белгілі продюсерді соққыға жықты деп оның жолдасы Бақытбек Есентаев айыпталуда. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР ҚК 106 бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бойынша жүргізілуде. Белгілі болғандай оқиға болған кезде Бақытбек Есентаев мас болған. Қазіргі кезде Баян Есентаеваның жағдайы жақсарып келеді. Ол есін жинады және сөйлей алады. Продюсердің өміріне алаңдаған қазақстандықтар әлеуметтік желіде оны қолдау үшін топ құрған.

Айта кетейік, WhatsAppта және әлеуметтік желіде Баян Есентаеваның реанимацияда жатқан суреті тарап жатыр. Баян Есентаеваның туысы болып келетін Бағым Мухитденова сурет авторы "өзінің лайықты жазасын" алатынына сенімді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!