"Өлтірілген террористер тізімі" қолдан жасалған болуы мүмкін - Ақтөбе облысы ІІД

Фотография - "Өлтірілген террористер тізімі" қолдан жасалған болуы мүмкін - Ақтөбе облысы ІІД

Өз атын тізімнен тапқан Ақтөбе тұрғыны полицияға хабарласқан

5659 0

Желіде таратылған "Өлтірілген террористер тізімі" қолдан жасалған болуы мүмкін, деп мәлімдеді Ақтөбе облысының ІІД баспасөз хатшысы Ардагер Уайдин. Instagram-да жарияланған адамдардардың аттары жазылып, суреттері орналастырылған фото айналасында дау туды. Бұл тізімнен өзін тауып алған ақтөбелік Данияр Уайсов полицияға хабарласқан, деп жазады Today.kz

"Бізге бір әйел хабарласып, 5 мамыр күні Ақтөбеде болған терактіге қатысты адамдардың тізімін берді", - дейді aktobe_zello тобының әкімшісі.

Облыстық ІІД-де мұндй тізім жасамағанын айтады.

"Мен ойлаймын, қазір әлеуметтік желіден адамдарды тауып, мұндай тізім жасау қиын емес. Біздің ойымызша, бұл тізім жалған. Біз тек көз жұмғандар мен ұсталғандардың тізімін ғана бергенбіз, - дейді Ардагер Уайдин.

Бұл тізімнен өзін ақтөбелік Данияр Уайсов тауып алып, желі арқылы өзінің бұған қатысы жоғын және есен-амандығын айтқан.

Мұның алдында "күдіктілер тізімнен"  43 жасар Самат Қожаниязов өзін көрген. Ол бұған қатты таңданған. Ал енді "көзі жойылған қылмыскерлер тізімінде" оның інісі Самат Қожаниязовтың аты жүрген.  

ІІМ-де Ғаламтордағы түрлі тізімдер туралы пікір білдіріп отырған жоқ.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!