Баян Есентаеваның күйеуі екі айға қамалды

Фотография - Баян Есентаеваның күйеуі екі айға қамалды

Бақытбек Есентаев үш күн бойы Уақытша қамау изоляторында болған.

1604 0

Белгілі продюсер Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаев екі айға қамады, деп хабарлайды Today.kz  тілшісі сот отырысынан. Бақытбек Есентаевқа кісі өлтіруге оқталу айыбы тағылуда.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусым күні Баян Есентаева ауруханаға жеткізілген. Продюсер қатты соққылар алған, оның жағдайы ауыр тұрақты деп бағалануда. Белгілі продюсерді соққыға жықты деп оның жолдасы Бақытбек Есентаев айыпталуда. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР ҚК 106 бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бойынша жүргізілуде. Белгілі болғандай оқиға болған кезде Бақытбек Есентаев мас болған. Қазіргі кезде Баян Есентаеваның жағдайы жақсарып келеді. Ол есін жинады және сөйлей алады. Продюсердің өміріне алаңдаған қазақстандықтар әлеуметтік желіде оны қолдау үшін топ құрған.

Айта кетейік, WhatsAppта және әлеуметтік желіде Баян Есентаеваның реанимацияда жатқан суреті тарап жатыр. Баян Есентаеваның туысы болып келетін Бағым Мухитденова сурет авторы "өзінің лайықты жазасын" алатынына сенімді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!