Есентаевтар арасындағы кикілжің қызғаныштан туындаған - тергеу

Фотография - Есентаевтар арасындағы кикілжің қызғаныштан туындаған - тергеу

Бақтыбек Есентаев қамауға алынды

1437 0

Іс материалы бойынша Есентаевтар отбасындағы кикілжің қызғаныштан туындаған. Бұл туралы Бақытбек Есентаевқа қатысты бұлтартпау шарасы таңдалған сот барысында белгілі болды, деп жазады Today.kz

Тергеу нұсқасы бойынша, жағдай келесідей болған. Отбасы Бақытбек Есентаевтың жиенімен бірге көлікпен қала сыртына бара жатқан. Жол бойы көлікте келе жатып, күйеуі әйелін қызғаныштан қатты соққыға жығады. Жанармай бекеті жанына тоқтап, автокөлікті жүргізіп келе жатқан жиен інісін көліктен түсіріп тастап, алған ісін жалғастырып, кеуде тұсына пышақ сұғады. Оқиға орнына келіп жеткен қызы Айсауле Бақытбек анасын арашалайды, яғни Бақытбек Есентаев өзінің ойға алған ісін соңына дейін жеткізе алмаған. Сосын қызы Баян Есентаеваны Талғар ауруханасына жеткізеді.

Бақытбек Есентаевқа адам өлтіруге оқталу айыбы тағылды. Ол екі айға қамалды. Баян Есентаеваның жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Дегенмен, дәрігерлер оның жағдайы жақсарады деп болжауда.

Баян Есентаева Today.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұқбатында өзінің жары туралы айтып берген болатын. "Ол өте қызғаншақ, біз мінездерімізге байланысты ұзақ табыстық. Мен үш рет ажырасуға арыз бергенмін, отбасының алғашқы он жылын соғыс жүрді деп сенімді айтуға болады", - деген болатын сол кезде белгілі продюсер.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!