Жыл басынан көлік полицейлері 320 келіден аса есірткі заттарын тәркіледі

Фотография - Жыл басынан көлік полицейлері 320 келіден аса есірткі заттарын тәркіледі

Күдіктілер Шу стансасындағы ЖПБ-нің уақытша ұстау изоляторына отырғызылды.

217 0

Ағымдағы жылдың басынан бері Көліктегі ІІД қызметкерлері 60 есірткі қылмысын анықтады, соның ішінде есірткі заттарының контрабандасына қатысты 3 факті, есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 161 қылмыстық теріс қылық, сондай-ақ, 322 келі есірткі заттары тәркіленіп алынды, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Мәселен, ағымдағы жылғы 11 маусым күні сағат 07.05-те Шу станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері "Көкнәр-2016" жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында "Шу-Құмөзек" өткелінде Жамбыл облысының 21 жастағы тұрғынын ұстады.

Тексеру барысында одан өзіндік иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат табылып, тәркіленіп алынды.

Сараптама қорытындысы бойынша оның жалпы салмағы 5 келі 440 граммды құрайтын "марихуана" есірткі заты екендігі анықталды.

Сол күні, саған 8.00-де Жамбыл облысының 1992 жылы туылған тұрғыны ұсталды.

Тексеру барысында одан өзіндік иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат табылып, тәркіленіп алынды.

Сараптама қорытындысы бойынша оның жалпы салмағы 5 келі 900 граммды құрайтын "марихуана" есірткі заты екендігі анықталды.

Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК-нің 297 бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркелді.

Күдіктілер Шу стансасындағы ЖПБ-нің уақытша ұстау изоляторына отырғызылды.

Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!