Қырық бестен енді асқан Алексей Дайнеко дүние салды

Фотография - Қырық бестен енді асқан Алексей Дайнеко дүние салды

"Бүгін Алеша жарық дүниемен қош айтысты. Мұндай жағдайдың орын алғанына сене алмай отырмын, сенгім де келмейді", – деді жары Елена Логацкая.

222 0

Актер, тележүргізуші әрі әнші Алексей Дайнеко қайтыс болды. Оның неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Бұл хабарды актердің жары Елена Логацкая facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында хабарлады. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

"Бүгін Алеша жарық дүниемен қош айтысты. Мұндай жағдайдың орын алғанына сене алмай отырмын, сенгім де келмейді", – деді Елена Логацкая.

Алексей Дайнеко 1970 жылы 5 маусымда туған. 2006 жылы режиссер әрі продюсер ретінде "Улыбаясь вечности вселенной" атты фильм түсірген.

Ол отызға жуық киноға түскен. "Лавровойдың әдіс-тәсілі-2" ("Метод Лавровой-2"), "…секундқа дейін" ("Секунда до…"), "Карпов", "Империя соққының алдында" ("Империя под ударом"), "Екінші соққы" ("Второй убойный"), "Алысқа қатынайтын жүргізушілер-3" ("Дальнобойщики-3"), "Марқұм не айтып кетті" ("Что сказал покойник") секілді сериалдарға түскен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!