БҚО-да құрбысы мен ортақ қыздарын өлтіруге тапсырыс берген кәсіпкер сотталды

Фотография - БҚО-да құрбысы мен ортақ қыздарын өлтіруге тапсырыс берген кәсіпкер сотталды

Х.Исмагулов А.Тулегеновтың танысы арқылы анасымен қызын өлтіруге келіскен басқа орындаушыны, яғни жалған полиция қызметкерін тапқан.

299 0

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 40 жастағы әйел адам мен ортақ қызын өлтіруге тапсырыс берген кәсіпкерге, сонымен қатар жалдамалы үш адам өлтірушілерге үкім жарияланды деп хабарлайды БҚО сотының баспасөз қызметінен.

Сотпен анықталғанындай А.С.Тайшибаева өзінің жасы кәмелетке толмаған қызы 2007 ж.т. әкесі ретінде Х.Исмагуловты тану және алимент өндіру туралы Ақтөбе қалалық сотына талап арызбен жүгінгендіктен   Х.Исмагулов А.Тайшибаеваны және кәмелет жасқа толмаған қызын өлтіруді жоспарлаған.

Х.Исмагулов адам өлтіруді жүзеге асыратын орындаушыны табуды өзінің танысы А.Тулегеновке тапсырған. А.Тулегенов тапсырысты орындайтын А.Снеговой мен А.Сивухаға 700 000 теңге ұсынды. Бірақ соңғылар алдын-ала төлем ретінде алған 350 000 теңге ақшаны иемденіп алғаннан кейін адамды өлтіруге бағытталған тапсырманы орындаудан бас тартқан.

Кейін, Х.Исмагулов А.Тулегеновтың танысы арқылы анасымен қызын өлтіруге келіскен басқа орындаушыны, яғни жалған полиция қызметкерін тапқан.

Полиция қызмметкері алдын-ала төлем ақысын және жәбірленуші туралы мәліметтер алып, дәлел ретінде А.Тулегеновке жәбірленушінің жеке куәлікті, автокөлігінің кілтін және ұялы телефонын берген. Сол күні Х.Исмагуловпен А.Тулегенов полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Х.Исмагулов  ҚР ҚК-ң 28 бабы 3 бөлігі, 24 бабы 3 бөлігі, 99 бабы 2 бөлігі 1,7,8,14 тармақтарымен айыпты деп танылып (екі адамға қатысты, алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, пайдакүнемдік ниетпен, көрінеу кәмелетке толмағанға қатысты адам өлтіруге оқталуды ұйымдастыру) осы баппен 15 жыл мерзімге бас бостағынан айырылып,  жазасын өтеу үшін қатаң режимдегі түзеу колониясы тағайындалған.

"А.Тулегенов ҚР ҚК-ң 28 бабы 5 бөлігі, 24 бабы 3 бөлігі, 99 бабы 2 бөлігі 1,7,8,14 тармақтарымен айыпты деп танылып (екі адамға қатысты, алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, пайдакүнемдік ниетпен, көрінеу кәмелетке толмағанға қатысты адам өлтіруге оқталуға көмектесу) осы баппен 15 жыл мерзімге бас бостағынан айырылып, жазасын өтеу үшін ерекше режимдегі түзеу колониясы тағайындалған",-делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 14 бабы 2 бөлігі 2 тармағына сай, А.Тулегеновтың іс әрекетінде аса қауіпті қайталануы танылған.

Сотталғандар А.Снеговой мен А.Сивуха ҚР ҚК-нің 434 бабымен айыпты деп танылып (дайындалып жатқан анық белгілі аса ауыр қылмыс туралы хабарламау) осы баппен екеуіне де 3 жыл мерзімге бас бостандығымен шектеген.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!