Ақмола облысында сот ер адамды мәжбүрлеп емдеуге шешім шығарды

Фотография - Ақмола облысында сот ер адамды мәжбүрлеп емдеуге шешім шығарды

Енді ол 12 ай бойы ем алады

235 0

Қорғалжын аудандық соты Қорғалжын аудандық орталық ауруханасының азамат С-ға алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады, деп хабарлайды Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот анықтағандай, азамат С. тұрғылықты мекен-жайы бойынша теріс жағынан сипатталады, алкогольдік ішімдіктерді ішіп, бірнеше мәрте әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сонымен қатар қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдікті ішкені үшін көршілерден әрдайым шағымдар түседі.

Қазақстан Республикасы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 130-бабының 2-бөлігіне сәйкес (Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және созылмалы алкоголизммен немесе нашақорлықпен не уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және ерікті түрде емделуден жалтаратын адамдарға қатысты сот шешімі бойынша қолданылады.

Сот шешімімен Қорғалжын аудандық орталық ауруханасының талап арызы қанағаттандырылды, азамат С. 12 ай мерзімге алкоголизмнен мәжбүрлеп емделуге облыстық наркология емханасына жіберілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!